04:09, 6 Желтоқсан, 2018
19 просмотров

Баянауылда тау шаңғы кешені жұмысын бастайды

Баянауыл ауданының курорттық аймақтарында күніне 5000-ға дейінгі туристтерді қабылдай алатын тау шаңғы базасының ашылуына дайындық жүргізілуде. Pavlodarnews.kz хабарлауынша туристтік нысанның дайындығын Павлодар облысының әкімі Булат Бакауов тексеріп қайттты.

Тау шаңғы кешені Мырзашоқы тауының етегінде орналасды.

Мұнда жоғары көтеруге арналған арқанжол пайдалануға берілді. Арқанжолдың ұзындығы 960 м құрайды, оған 63 екі орындық орындықтар бекітілген. Көтерілу уақыты берілген жылдамдыққа байланысты 11 минуттан 24 минутқа дейін аралықтағы уақытты қамтиды.

Нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жел жылдамдығын анықтайтын белгілер орнатылады, рұқсат етілген (25м/с) мәннне асып кеткен жағдайда, көтерілу тоқтатылады.

Резервттік қоректендіру көзі ретінде дизель генераторы қарастырылғаны жайлы кешен қызметкерлері мәлімдеді.

Туристтер үшін тауға жақын аумақта киім ауыстыру бөлмелері, бақылау алаңы және қосымша бөлмелер салынады. Спорттық құрал-жабдықтардың бір бөлігі сатып алынды.


Дереккөзі: Atameken business channel