03:52, 6 Желтоқсан, 2018
21 просмотров

«Шымбұлақтың» келушілер көптігіне шамасы келмей жатыр – курорт басшылығы

«Курорттың өткізу қабілеті 2,5 мың адамды құрайтынына қарамастан, «Шымбұлақ» күніне 10 мың адамды қабылдауға мәжбүр. Бұл неге әкеліп соғады? Бұл түрлі жарақаттарға, нашар қызмет көрсетуге, үлкен кезектерге әкеліп соғады. Уақыт өте келе біз «Шымбұлаққа» келетін адамдар ағынын шектеуге мәжбүр боламыз. Бірақ бұл патриоттыққа жатпайды. Курорт адамдарға толы болғандықтан, бағаны қымбаттатуымыз мүмкін», - дейді «Шымбұлақ» тау шаңғы курортының бас директоры Ержан Еркінбаев.

Демалыс күндері өткен қоғамдық тыңдауларда сарапшылар сөз сөйледі. Көптеген адамдардың пікірінше, курорт Алматы туризміне жаңа түрткі болмақ.

«Біз бұл жобаны 5 жыл бойы созып жүргенде, қырғыздар 2 курорт, өзбектер тағы да бір курорт салып тастады, нәтижесінде біз бұл қаланы қамтитын әлеуетті туристтер ағынын жоғалтамыз. Қалада қуатты қаланы қалыптастыратын кластер болуы тиіс, және де бұл базар нарығы болмауы керек. Бұл – туризм. Экология тұрғысынан қарайтын болсақ, бұл химиялық зауыт емес қой, бұл керемет табиғат, бұл экстремалды туризм әуесқойларынан бөлек, балалар мен мүгедектерге сол жаққа баруға мүмкіндік», - деп саясаттанушы Талғат Қалиев пікірін білдірді.

«Алматыдан Делиге дейінгі рейс, Атырауға дейінгіден қысқарақ. Бізде барлық мүмкіндіктер ұсынылғандықтан, өте танымал орынға айналудамыз. «Көкжайлауда» біркелік бес күндік түристтік жолдаманы ұсына аламыз, яғни турист мұнда 5 күнге келіп, сол жақта тұрады және сырғанайды. «Шымбұлақ» мұны ұсына алмайды, себебі онда ешқандай орын жоқ. Инфрақұрылымды құру мақсатында барлық әлемдік державалар осындай барлық артықшылықтарды қолдануға тырысып бағуда. Франция жыл сайын Альпі инфрақұрылымын дамыту үшін 300 миллион евро бөледі, ал бізде бас пайдасы үшін пайдалану деген түсініктерден туындайтын түсініспеушілікке душар боламыз», - деп қоғам қайраткері Қуат Домбай есептейді.

«Көкжайлау» курортының құрылысын қаланың спорттық қоғамы да қолдайды. Көп жылдық өтілі мен тәжірибесі бар жаттықтырушылар кешен Қазақстандағы қысқы спорт түрлерін дамытуға көмектесетінін алға тартады.

«Менің ойымша, экология үшін ҚР заңнамасының барлық талаптарына сай етіп салынатын «Көкжайлау» курорты тамаша курорт болады. Шындығын айтсам, менің «Шымбұлаққа» баратын қаражатым жеткіліксіз. Немерелерім: «Ата, «Шымбұлаққа» барайық, сен жаттықтырушысың ғой», - дейді. Ал мен бұған қаражат бқле алмаймын», - деп Алматы қаласы шаңғы қоссайысының жаттықтырушысы Александр Кучеренко ағынан жарылды.