10:57, 9 Қараша, 2018
146 просмотров

Қоғамдық тыңдаулар өтті

2018 жылдың 4 қарашасы күні «Қазақстан» қонақ үйінде «Көкжайлау» тау курорты құрылысы ТЭН-нің «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша Қоғамдық тыңдаулар өтті. Тыңдаулар айтарлықтай ерекше болды. Алматы қаласы тарихында, тіпті заманауи Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет қоршаған ортаға әсер ете алатын әлеуметтік маңызы бар тыңдаулар талқыға салынған жобаға бейжай қарым-қатынаста қарамайтын көптеген әртүрлі адамдардың тобын жинайды.

Қызу пікірталас өтті. Марқасқа мамандардың баяндамалары қатысушылардың негізсіз, кейде күмәнді ақпараттарымен алмастырылып отырды. Көптеген негізсіз бағалаулар мен болжаулар жоба жақтаушылары тарапынан да айтылды. Ғалымдардың пікірлері ортаға салынды, алайда ешбір зерттеулермен расталмаған пікірлер де айтылды. Танымал тұлғалармен қатар қарапайым жұмысшылар мен қызметкерлер де сөз сөйледі. Бүгінгі күні қоғамдық пікірлердің көшбасшылары саналатын тұлғалар мен шығармашылық интеллигенция саналатын студенттер және өте дөрекі, мәдениеттен мүлдем жұрдай адамдар сөз сөйледі. Өкінішке орай, соңғылардың саны басымырақ болды.

Жалпы алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын қоса есептегенде Қоғамдық тыңдауларда кемінде 700 адам қатысты.

Ұйымдастырушылар тыңдаулардың өте белсенді өтетініне және ұзақ әрі айтарлықтай күрделі пікірталас болатынына сенімді болды. Алдын-ала болжам бойынша тыңдаулар ұзақтығы 3 сағатқа созылады деп күтілген, бірақ сөз сөйлегісі келетіндердің көптігінен Қоғамдық тыңдаулар 5 сағатқа жалғасты. Дегенмен, ұйымдастырушылар мен кейбір спикерлер «Қоғамдық тыңдаулар» іс-шарасының атауындағы басты сөз «тыңдау» екендігін тереңірек түсінуге үндеу айтқанмен, өкінішке орай, қатысушылардың көбісі біріне-бірі құлақ аспады және тыңдамады.