11:31, 27 Қазан, 2018
178 просмотров

Наиль Нуров: ""Тыңдалымды азусыз деп атауға асықпаңыз""

-Наиль Фаридұлы, тура бір жыл бұрын сіздің кәсіпорныңыз, алматылық Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мекемесі, «Көкжайлау» тау курорты құрылысының Техникалық-экономикалық негіздемесін құрастыруға тендерді ұтып алды. Біздің білуімізше, жұмыс аяқталды және Сіз Тапсырыс берушіге өз жұмысыңызды өткіздіңіз. 4 қараша сіз үшін ақиқат сәті – ТЭН «Көкжайлау» шатқалында курорттың болуы немесе болмауын қоғамның дауыс беруі арқылы шешім қабылдалатын Қоғамдық тыңдалымға ұсынылады. Сіз бұл сынаққа дайынсыз ба?

- Біздің дайындығымыз жайлы баяндамас бұрын, қоғамдық тыңдалымның не екенін түсіндіріп өтсем. Кейбіреулер, көпшілігі болмаса, Қоғамдық тыңдалымдарды қатысушылар дауыс беру арқылы маңызды экологиялық жобалардың, біздің жағдайымызда «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының, қорытынды шешімін, яғни құрылысының салынуы немесе салынбауын қабылдайтын, қандай да бір қоғамдық сот органы деп елестетеді. Мүмкін, көпшіліктің көңілін қалдырармын, алайда бұл олай емес.

Қоғамдық тыңдалымдар мүлдем қоғамдық сот органына ұқсамайды. Бұл көбіне ғылыми-тәжірибелік конференция. Қоғамдық тыңдалымдарға, шыныменде, қалаған адам келе алады. Алайда, бұл «еркін трибуна» принципі бойынша ұрандар, шағымдар және басқаларын ресми мәлімдеп, бейберекет өтетін митинг еместігін түсіну қажет. Жоқ, бұл сөзсіз болмайды. Егер Сіз Қоғамдық тыңдалымға келем деп шешсеңіз, Сізге тіркеуден өтіп, залда өз орыныңызды алуыңыз қажет және тіпті бірнеше сағат бойы жоба әзірлеушілерінің жобаның қоршаған ортаға алдын-ала тигізетін әсерін бағалау жайлы баяндамалар тізбегін тыңдауыңыз мүмкін. 

Тыңдалымдарда тау курорты ТЭН-інің тек экологиялық аспектілері ғана талқыланатындығына назар аударыңыз. Қоғамдық тыңдалымдарда әлеуметтік, саяси, жаһандық экономикалық және басқа да сұрақтар талқыланбайды.

Жоба әзірлеушілерінің баяндамаларын тыңдап болған соң, баяндамалардың өте жақсы дайындалып, ғылыми негіздемелерге толы екеніне сенімдімін, тыңдалымның тіркелген қатысушылары баяндамаға сүйене отырып, сұрақтарын қоя алады немесе ұсынылған жоба бойынша өздерінің ескертулерін немесе экологиялық сұрақтарына қатысты ұсыныстарын айта алады. Қолымызда бар алдын-ала өтінімдерді есепке алсақ, әр сөз сөйлеу үш минуттан аспайтын сияқты.

Отырыс тақырыбына сай барлық баяндамалар жазылып, хаттамаға енгізіледі. Уақыт пен шектеулерге байланысты сөз сөйлей алмаған барлық қатысушылар өздерінің сұрақтарын, ескертулерін немесе ұсыныстарын қағаз жүзінде Қоғамдық тыңдалымдардың аяқталуына дейін хатшылыққа өткізуге құқы және мүмкіндігі бар немесе Қоғамдық тыңдалым хатшылығының электронды поштасына  [email protected] жіберуге болады.

Осылайша, өздеріңіз байқағандай, Қоғамдық тыңдалымдарда ешқандай шешімдер қабылданбайды, тек іс-шараның басталуында отырыс қатысушылары дауыс беру арқылы Төрағаны, хатшыны және уақыт тәртібін сайлайды, одан басқа дауыс беру жүргізілмейді. 

Тоқтаңыз, шешімдер қайда қабылданады және осындай азусыз Қоғамдық тыңдалымдарды өткізудің қандай пайдасы бар?

Тыңдалымды азусыз деп атауға асықпаңыз! Біз шешімдердің орталығына ақырындап жетіп қалдық. Ең алдымен жексенбі күні таңертен Қоғамдық тыңдалым залындағы150 орынның біріне ие бола алмайтын немесе отырысқа барғысы келмейтін тұлғалар үшін келесі күні-ақ Қоғамдық тыңдалымның www.kokjailau.kz сайтында және youtube арнасында жүктелген видео нұсқасын тамашалай аласыз. Біз видео нұсқаның қандай да бір өткізулерсіз кәсіби түрде түсіріліп, салынатынына уәде береміз. Бұдан басқа Қоғамдық тыңдалымдардың барлық баяндамалары мен материалдары сондай-ақ www.kokjailau.kz сайтына жүктеледі.

Жобаның экологиялық сауалдарына қатысты өз ойыларын барлық қалаған адам айтуына құқығы бар. Ағымдағы жылдың 5-13 қарашасы аралығында өз ұсыныстарыңыздың электронды нұсқасын отырыс хатшылығының электрондық поштасына [email protected] жіберуге болады.

Енді, міне, уәде етілген шешімдерді қабылдау орталығына келіп жеттік. Жоба әзірлеушілерінің баяндамалары, сарапшылар мен мамандардың сөз сөйлеулері, барлық мүдделілердің сауалдары, ескертулері мен ұсыныстары хатшылықта хаттамаға жинақталып, ҚР Ұлттық экономика министрлигінің «Госэкспертиза» РМК-сына беріледі.

Ал мемлекеттік сараптама сарапшылары 45 күн ішінде барлық ТЭН-ді, оның ішінде қоғамның барлық ескертулері мен ұсыныстары жинақталған Қоғамдық тыңдалым хаттамасы тіркелген «ПредОВОС» тармағын қарастыра отырып, «Көкжайлау» тау шаңғысы курортының техникалық-экономикалық негіздемесіне оң немесе теріс тұжырым шығарады. 

- Яғни, соңғы сөзді мемлекеттік сарапта айтады ма?

- Жалпы алғанда, иә, алайда сарапшылар үшін кімнің дәлелдері басымырақ болатыны белгісіз. Егер «Көкжайлаудағы» тау курортының салынуына қарсы жұртшылық ғылыми көзқарас және қолданбалы зерттеулермен анағұрлым негізді дәлелдермен қаруланған жағдайда, бізге жеңілісті қабылдауға тура келед. Бірақ біз мұны істемейміз. Сіздің алғашқы сауалыңызға орала отырып, Сізді жіне Сіздің сайт оқырмандарын біздің Қоғамдық тыңдалымдарға өте тыңғылықты дайындалып жатқанымызды және ТЭН әзірлеушісі ЖШС «ГеоДата Плюс» пен оның француз серіктестерінің біліктілігін есепке алатынымызға сендіргім келеді. Біз күресуден бас тартпаймыз.


Дереккөзі: kapital