11:51, 22 Қазан, 2018
156 просмотров

Ең нашар жағдайдың өзінде жасанды көл Алматыға зиян келтірмейді

Өткен аптада Астанада қоршаған ортаны қорғау форумында «Көкжайлау» жобасының аясында тектоникалық бұзылыстағы жобаланған шипажайды қардан тазарту жүйесі үшін жасанды көл салу жоспарланғаны жөнінде тезис айтылды. Бұл мәлімдемені «Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің басшысы Наиль Нұров «Информбюро» редакциясына жасады.

«Ең алдымен, тезистің өзін және қандай мәнмәтінде айтылғанын түсінуді ұсынамын. Иә, шын мәнінде, Астанада «Көкжайлау» шатқалындағы курорт құрылысының сұрақтары талқыланған экологиялық форум өткізілді және бұл форумды жоба біржақты талқыға түскен форум деп айтуға болады. Бастамашылар «Көкжайлау» шатқалын қорғайтын тәрізді экологиялық қозғалыстарды ұсынды. Курорт жобалаушыларын ешкім шақырған жоқ, себебі форумды ұйымдастырушылар жобаланған курортты құрудың артықшылықтары туралы дәлелді және ұтымды дәлелдерді тыңдауға құлықтары болған жоқ.

Енді тезис туралы. Ломоносов атындағы МГУ доценті Хорошев мырза жоба әзірлеушілері қармен қамту жүйесін жасау үшін дайындалатын көл тектоникалық бұзылыс аумағында орналасатындығы жөнінде ғана айтып өтті. Ол мұны жүзеге асыру мүлдем мүмкін емес және экологиялық апаттың пайда болуына алып келеді деп айтқан жоқ. Көкжайлау шатқалындағы курорттық жобаның әзіренуі екінші рет жүргізіліп отырғанын түсіну қажет. Әр жолы жобалау құжаттамасын әзірлеу әдістемесіне сәйкес аумақты, оның ішінде сейсмикалық сипаттамаларын мұқият жан-жақты зерделеу жүргізілді», - деп атап өтті Н.Нұров.

Оның сөзіне сәйкес, Хорошев мырзаға өзінің сөз сөйлеуін шатқалда тектоникалық опырылу бар екендігінің дәлелінен бастағаны дұрыс болар еді. Ол мұны істеген жоқ, істемейді де, себебі ресми ғылымда ондай дәлелдер жоқ.

«Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің басшысы сонымен қоса Сейсмология институтының директоры Т.Абакановтың қолы қойылған №61-1/6-5428 от 23.10.2012 ж. хатына сәйкес, Іле Алатауы саябағында сейсмикалық шағын аудандау жұмыстары жүргізілмегендігін мәлімдеді.

Яғни, аталған аумақта ұңғымаларды бұрғылау, аймақтық және жергілікті сейсмикалық жағдайын анықтау, сейсмикалық аймақтарға бөлу картасының геологиялық, геофизикалық және сейсмотектоникалық негіздерін құру, сейсмотектоникалық, инженерлік-геологиялық және гидрологиялық деректерді ескере отырып аспаптық деректерді пайдаланып сейсмикалық әсерді бағалау және де басқа жұмыстар жүргізілмеген. Осылайша, аталған ақпарат «Көкжайлау» шатқалындағы тектоникалық опырылудың жай ғана болжам екендігін айтады», - айқындады ол.

2007 жылы «Алматыггеология» қауіпті геологиялық процестердің қарқындылығы әртүрлі аймақтарды - әр түрлі сейсмикалық қондырғылардың шоғырлану аймақтарын, күшті жер сілкінісі эпицентрін ескере отырып, қауіпті геологиялық процестердің қарқындылығына қарай аумақты аймақтық деңгейде жүргізілді. Аталған аудандауға сүйенсек, қарастырылған аумақ шекарасына кішігірім қауіпті және орташа қауіпті жер телімдері кіреді. ОПГ зерттеу аймағы жер сілкінісі ошақтарының ықтимал аймағында және 7,5 - 8 баллдық максималды нүктелерде орналасқан, олар құрылыстарды салу кезінде қарастырылуы тиіс.

Қазақстан Сейсмология институтының және басқа мемлекеттердің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің бірлескен көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде осындай аумақтарда салынатын ғимараттар мен техникалық ғимараттарға әдістемелік нұсқаулар мен түрлі шаралар дайындалды.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курортында тұрғызылатын барлық ғимараттар және құрылыс орындары осы нұсқауларды және сейсмикалық қауіптілік ерекшеліктерін ескеріп салынады. 2014 жылғы алдыңғы жобада әртүрлі биіктік деңгейіндегі үш жасанды су қоймасы дайындалған. Қармен қамту үшін жалпы көлемі 175 мың текше метр суды құрайды. Аталған көлдерді жобалау барысында сейсмикалық қатерлер есепке алынаған техникалық жобалар әзірленді және ҚР Сейсмология институтының мамандарының қатысуымен Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды», - дейді «Almaty Mountain Resorts» ЖШС-нің басшысы.

Сонымен қатар ол 2018 жылғы ТЭН-де сыйымдылығы 80 мың текше метрді қамтитын жалғыз жасанды су қоймасының жобалауы барысында су қоймасы орналасуының техникалық ерекшеліктері есепке алынды және объектінің сейсмикалық беріктігімен барлық қажеттіліктерді есептеулер жасалды.

«Егер кейбір нақты емес оқиғалар мен жасанды су қоймасынан судың шашырауы орын алса, онда бұл су ешқандай, тіпті фантастикалық мән-жайларға қарамай, алқапты және Алматы қаласын бөлетін таулы аймақтан асып өте алмайды. Ең құрығанда су қоймасындағы су Казачка өзені арнасына құйылып, Алмарасан бөгетінің су қоймасына дейін ағып келіп, қалаға ешқандай залал келтірместен тоқтайды. Сондықтан, шатқалдағы жасанды су қоймасын салудың апатты салдарына қатысты пессимистік қорытынды жасау жеткіліксіз дәлелді және ғылыми негізделген емес», - деп қорытындылады Н.Нұров.