10:21, 5 Қазан, 2018
531 просмотров

«Көкжайлау» бойынша қоғамдық тыңдаулардың өтуі ауыстырылды

Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Көкжайлау» тау шипажай технико-экономикалық негіздемесінің «Қоршаған ортаға әсерінің алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдауының күні, уақыты, және өтетін орны ауыстырылғанын хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулардың жаңа күні мен орны: 4 қараша (жексенбі) 2018 ж., сағ. 10:00, «Қазақстан» қонақ үйі,  «Алтын Емель» залы, Достық даңғылы 52, кіру Құрманғазы көшесі жағынан. Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін алдын-ала өтінімді +7 708 123-08-71 телефоны арқылы қалдыруға болады. Қоғамдық тыңдауларға дайындалуға арналған басқа маңызды ақпаратты www.kokjailau.kz сайтынан таба аласыздар.

Қоғамдық тыңдаулар құрамында әзірлеуші уақытша заңды тұлғалар (консорциум): ЖШС «Almaty Mountain Resorts» және Бас жобалаушы ЖШС «ГеоДатаПлюс» бірлесіп өткізеді.

«Көкжайлау» тау шипажай технико-экономикалық негіздемесінің «Қоршаған ортаға әсерінің алдын-ала бағалау» бөлімімен ҚМУ «Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» www.almatytourism.kz және ЖШС «Almaty Mountain Resorts» www.kokjailau.kz ғаламтор парақшаларында таныса аласыз. «Көкжайлау» тау шипажай технико-экономикалық негіздемесінің «Қоршаған ортаға әсерінің алдын-ала бағалау» бөлімінің қағаз жүзіндегі нұсқасымен жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Байзақов көшесі 280 мекен-жайындағы «Алматы Тауэрс» БО, Солтүстік Мұнарасында таныса аласыз, тел. +7 727 313-23-56

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдайтын Тапсырыс берушінің мекен-жайы және атауы: ҚМУ «Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы»  тел. +7 727 272-33-62, e-mail [email protected]

 

Бас жобалаушы ЖШС «ГеоДата Плюс» байланыс телефоны: +7 727 262-60-27

 

Мемлекеттік сараптаманы жүргізу органының атауы: РМК «Жобаларды мемлекеттік ведомствадан тыс сараптау».