13:08, 14 Қыркүйек, 2018
449 просмотров

Мамайда тау шаңғылық кешен тұрғызып, Соболиная тауымен бірыңғай кластер құруды қалайды

Бурятия билігі Мамайдың арнайы экономикалық аймақ (АЭА) «Байкал айлағына» қосқысы келеді және оған тиесілі өтініш берді. Егер Мамай АЭА-ға қосылатын болса, онда аумақта шаңғы туризмін және басқа да белсенді демалу түрлерін дамытуға болады. Шенеуніктердің жоспарлауынша, Мамай тауындағы туркластерлерінің құрылысы сол жақта заманауи тау шаңғылық шипажайды салуға мүмкіндік береді. Әзірге жоспарлардың жүзеге асырылуы Байкал табиғат аумағындағы шаруашылық қызметтін жүргізудегі шектеулерге байланысты қиындатылды.

Барлық маусымдық кешеннің және инфрақұрылым  құрастырылуының  дамуында үлес қосуға дайын ықтимал инвестор, оның жүзеге асырылуына 2,5 миллиард рубль ақша сала алады. «2019 жылы жобаны іске асыруды бастаймыз деген ойдамын», - дейді Бадмацыренова.

Мамай және Соболиная таулары бір-бірімен біркелкі клатер арқылы байланысып, бір-бірін толықтыруы мүмкін деген пікір қалыптасқан. Мысалы, Иркутс облысынан Мемлекеттік Дума депутаты Сергей Теннің ойынша: «Байкалдағы шипажай шағын, және ол жақта үш күн бойы уақыт өткізу зеріктіріп жіберетіндіктен, шипажайға балама іздеу қажет, бұл Мамайға да қатысты. Біз көршілермен федералдық ақша үшін бір-бірімізбен бақталаспай, күшімізді біріктіруіміз қажет», - деді Сергей Тен.

Жыл сайын Мамайға төрт мыңға жуық тау шаңғысы мен сноуборд әуесқойлары келеді. Тау – фрирайдерлер үшін аса маңызды орын. Мамай жобадан кейін өзінің алғашқы сүйкімділігін сақтап қала алады ма?


Дереккөзі: ski.ru