13:01, 14 Қыркүйек, 2018
182 просмотров

Шанхайда ең үлкен жабық тау шаңғылық орталығын салады

Жоба жайлы 5 жыл бұрын алдын-ала құлақтандыру жұмыстары жүргізілген және алғашында ол Winterland Shanghai деп аталса, кейін Wintastar Shanghai болып атауы өзгертілді. Кешен жобасы жабық қарлы құламалардың салынуына мамандандырылған танымал голландиялық Unlimited Snow компаниясымен құрастырылды. Орталық дизайнының негізіне Еуропаның тау шаңғылық шипажайының жоспарламасы алынды.

Кешен құрылыс аяқтауды 2019 жылға жоспарланған, алайда қазір оның ашылу мерзімін 2022 жылы Қытайда өтетін Қыстық олимпиада ойындары уақытына шегерді.

Кешен құны алғашындағы 2 миллиард АҚШ долларынан 1 миллиардқа дейін екі есе азайтылды.

Соған қарамастан жоба әлемдегі ең ұзын жабық құламасы бар (қазір ең ұзын 620 м шамасындағы құламаларға Франция мен Германиядағы орталықтар ие) аса ірі жабық қарлы орталық болатынына уәде етілді (бүгінгі таңда бұл атау Солтүстік Кореядағы Харбиндік жабық қарлы кешенге тиесілі).

Соңғы деректерге сүйенсек, қар жамылған аумақ 90 мың шаршы метр шамасын қамтиды, бұл Харбиннен бір жарым есеге дейін үлкен аймақты алады. Кешеннің жалпы ауданы 32 футбол алаңы көлеміне тең келетін 227 мың шаршы метрді қамтиды.

Жобаға үш тау шаңғылық құламаларының орнатылуы енгізілген, олардың біреуі олимпиадалық талаптарға сәйкес болады. Ешбір қар жабдықтарында сырғанамайтын келушілерге 25 тақырыптық ойын орталықтары ойластырылған.

4 Montigo Resorts қонайүйлері және «мұзды» қонақүй салынады.

Кешенді тұрғызу сингапурлық КОР салушысы мен бірнеше қытайлық мемлекттік компанияларының бірлескен жобасы болмақ. Орталықты шанхайлық Диснейленд, океанариум, планетариум және басқа да көрікті орындар орналасқан жаңа Пудун ауданында салу жоспарланған.

Алғашқы ұсынылған жоспар бойынша тау шаңғылық орталығына басқа да ойын-сауық спорттық орталықтармен: су саябағы, жаяу туризмге арналған жол және «жағажайлық клуб» сияқты орындармен бірітірілген.

Жоба вебсайты хабарлауынша, «тұрғындар мен келушілер қысқы спорт түрлерімен жыл бойы айналысу мүмкіндігіне ие болады. «Ски-ин/ски-аут» үлгісіндегі тау шаңғылық құламасына көрініс алатын қонақүйлер салынады. Winterland Shanghai бақшалар орналастырылған, монорельс, мейрамханалар салынған, сонымен қоса 4D кинотеатры бар замануи ойын-сауық орталығы және театрлік қойылымдар мен концерттер өткізетін сахна тұрғызылған, өмір сүруге, жұмыс, ойын-сауыққа қолайлы аймаққа айналады».

Ski Dubai және Ski Egypt тау шаңғылық орталықтарынның басқарушысы Majid Al Futtaim Дубайлік компания топтары Шанхайдағы кешеннің қызметін де басқарады. Wintastar Shanghai жылына 3,2 миллионнан астам келушілерді қарсы алады деп күтілуде.

Кешен электр энергиясын тұтынуды барынша азайту мақсатында баламалы энергия көздерін пайдалануды жоспарлап отыр. Мажид Әл-Футэимдегі жаһандық шаңғы жобалары департаментінің директоры Мохаммед Эль-Этри: «Біз «жасыл энергетиканың» жақтастарымыз. Осылайша, бұл ең ірі жабық тау шаңғысы курорты ғана емес, сондай-ақ энергияны үнемдейтін ең ірі курорт.

Мысал келтіретін болсақ, Германия мен Нидерланд жабық қарлы орталықтарының бір бөлігі өздерінің шатырларында үлкен күн панельдерін пайдаланады, бұл оларды энергияны тұтыну бойынша өздігінен қамтамасыз етеді.

Жаңа тау шаңғылық кешеннің салынуы қытайлықтардың Қысқы Олимпиада қарсаңындағы қысқы спорт түрлеріне қызығушылығының айтарлықтай жоғарылауына байланысты. China Tourism Academy зерттеулеріне сүйенсек, 2 жылдан кейін мемлекетте қысқы туристтер саны 430 миллионға жуық, ал нарықтағы жылдық табыстың жалпы көлемі 670 миллиард юань болады.


Дереккөзі: shanghai.ist