12:48, 14 Қыркүйек, 2018
240 просмотров

3 ZINNEN DOLOMITES: 2018/19 маусымының жаңалықтары

Жаңа көтергіштің арқасында, Хельм тауының бауырындағы үстірттің барлық аумағында шаңғымен сырғануға болады. Drei Zinnen AG компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Марк Уинклер: «Келесі маусымнан бастап, үстірттегі кең және жайлы трассалар бүкіл аймақтағы ең танымал болмақ»,- дейді.

Жаңа көтергіштен басқа, шипажай белсенді түрде қар жауу жүйесінің жаңашаландыруын қаржыландыруда, атап өтсек, қар өндірісінің жаңа қондырғылары Италияның солтүстігіндегі ең тиімді өнім болады. Барлық трассалардың толық дайындық уақыты рекордттық 40 сағатқа дейін қысқартылады. Сонымен қоса, 2018/2019 маусымына екі жаңа құлама ашылады: Хельмден Зекстен кентіне дейін Кристлерхангтың «қара» жолының жеңілдетілген нұсқасы және Ротванд тауынан Зиньеа бағыты бойынша жаңа түсірілім - ұзындығы 1700 м болатын «Signal II» (10b) «көгілдір» кеңістігі шаңғышыларға ұнайды деп ойлаймыз.

болашақта 3 Zinnen тау шаңғылық аймағы өзінің трассаларын австриялық Thurnthaler тау шаңғылық орталығымен, сонымен қоса көрші Венето аймағының Skiarea Val Comelico трассаларымен біріктіреді. Осылайша дайындалған құламалардың ұзындығы қазіргі 110 км-ден 160 км-ге дейін ұзартылмақ. Осындай біріктірілуге байланысты 3 Zinnen екі мемлекет пен үш аймақты трассалар жүйесі мен көтергіштер арқылы біріктіретін жалғыз Dolomiti Superski шипажайына айналады. Бұл тау шаңғылық гурмандарына бір күн бойы үш түрлі мәдениетті тамашалауға, түрлі - Оңтүстік Тироль, итальян және австриялық тағамдардың дәмін татып көруге мүмкіндік береді.


Дереккөзі: dreizinnen.com