10:00, 17 Шілде, 2018
414 просмотров

«КӨКЖАЙЛАУ» АЛМАТЫЛЫҚТАРҒА ҚАЙТА БАҒДАРЛАНДЫ

«Көк Жайлау» курортының тұжырымдамасы 2012 жылғы тұжырымдамамен салыстырғанда елеулі өзгерістерге ұшырады. Ол кезде ТЭН және жобалық-сметалық құжаттамаға 3,5 млрд. теңге жұмсалған еді. Бұл ретте, ТЭН-ді дайындаушы Almaty Mountain Resort компаниясының басшысы Наиль Нұров бұған дейін бюджеттен бөлінген қаражаттың текке жұмсалмағанын мәлімдеп отыр. Сондай-ақ осы жылдар ішінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары жобаның жаңа нұсқасымен жұмыс істеу барысында қаражат үнемдеуге септігін тигізді. Жаңа жоба бойынша құрылысқа бөлінген болжамды сома 200 млн доллардан аспауы тиіс.

Егер 2012-2013 жылдары Көкжайлауды жайластыру кезінде негізінен шетелдіктердің талғамы ескерілсе, бүгінде басты бағыт Алматы тұрғындарының мүдделерін қанағаттандыру болмақ. Мұның пайыздық қатынасы келесідей: курортқа келушілердің 60%-ын алматылықтар, 20%-ын Қазақстанның басқа өңірлерінен келген қонақтар құраса, тек 20%-ы шетелдік қонақтардың үлесіне тиесілі.

«Көкжайлау» аумағы «Долина» және Құмбел аталатын екі аймаққа бөлінеді. Жайластырылған «Долина» аймағында жыл бойы белсенді өмір салтын ұстану мүмкіндігі қамтамасыз етілетін болады: мұнда базалық станция, қонақ үй, мейрамхана, тау шаңғышылары мектебі орналастырылады, ауданы 1,4 га жасанды құрылысын жүргізу көзделуде.

Су – жасанды қар үшін қажетті элемент. Көл сырғанау маусымын ұзартуға қажетті жасанды қар төсеу жүйесіне арналған суқойма қызметін атқарады. Құмбел бұрынғы қалпын сақтайды. Бұған табиғи туризм әуесқойлары дән риза болмақ, – дейді Наиль Нұров. – Жалпы алғанда, курорттың жобасы ондағы көрсеткіштерді кеміте отырып өзгертілді. Бұрын 500 орындық қонақ үй концепті қарастырылған болса, қазір біз тіпті 100 орындық қонақ үйдің әбден жеткілікті екенін түсініп отырмыз. Егер Алматыда бәрі бар десек, мұндай инфрақұрылымның қажеті қанша? Көкжайлауға көтеріліп, уақытыңды тиімді өткізгеннен кейін, қалаға қайта ораласың.

Көлік мәселесіне келер болсақ, жобаның құрастырушылары Алматының орталығынан «Медеуге» дейін жарты сағатта жетуге болатындығына уәде беріп отыр. Байтұрсынов көшесінен мұз айдынына дейін арнайы автобустар қатынайды деп күтілуде. Содан соң «Медеуден» «Көкжайлаудың» өзіне дейін аспалы гондола арқылы жете аласыз.

Бірқатар қоғам өкілдері келешек жоба туралы кері пікірлерін білдіруде. Экологтар жобаның қымбат екенін тілге тиек етіп, құрылыс жұмыстарының нәтижесінде табиғи байлықтардың жойылу қаупі бар екендігінен қорқады. Мұндай керемет орынға күніне шамамен 5 мың адамның баратындығы туралы мәлімдеме аталған пікірлер жалынына май тамыза түскендей. Бірақ Наиль Нұров өз дегенінен қайтпауда:

– Бұл жерді адам қолы тимеген қорық аумағы деу шындыққа жанаспайды әрі әділетсіз. Түбіне дейін жылтыратылған кәрі ағаштардың тамырлары өрге шығуға арналған баспалдаққа айналған. Біз 2012 жылы жобаны талқылай бастаған кезде адамдар Көкжайлауға қызығушылық танытып, келе бастаған еді. Қазіргі таңда бұл жерге жылына шамамен 40 мың турист келеді екен. Курорт ісін дамыту қажет. Бұрындары Панфилов көшесін жайластыру туралы сөз қозғалған кезде қалалықтардың қаншама шағым түсіргені естеріңізде болар! Ал қазір ол алматылықтар мен мегаполис қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды. Көкжайлау да Панфилов көшесінің 2300 метр биіктіктегі баламасына айналмақ.

ТЭН-нің презентациясы тамыз айының ортасына дейін шегерілді, осы кезде қоғамдық тыңдау шараларын өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар маусым айында арнайы сайт іске қосылады, сол кезде барлық ниетті тұлғалар жобаны бағалап, оған қатысты өздерінің пікірлерін білдіре алады. Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай хабарлады. Тау паркін тұрғызу бойынша алғашқы жұмыстар 2020 жылы басталып, құрылыстың 2022 жылы аяқталатынын айта кетейік.