15:06, 17 Тамыз, 2018
491 просмотров

Жазда тау-шаңғы курортында не істеуге болады: Франция

Біздің жазғы Альпі туралы хабарымыз қысқысына қарағанда айтарлықтай аз. Альпі шыңдарын жаңа қар баса салысымен мыңдаған шаңғышылар тауға бет алады.

Көп адамдар Альпі тек қысқы демалыстарға арналған деп санағанмен, бұл таулар барша отбасы үшін көптеген жазғы іс-шараларды ұсынады. Және жазғы уақытта баға қысқы айлардағы бағаға қарағанда үштен екіге арзан болуы мүмкін. Ол тауды жазғы демалыс үшін мінсіз орын етеді. Егер сіз жағажайда немесе бассейндегі демалысқа қарағанда белсенді жазғы демалысты жөн көрсеңіз, ары қарай оқи беріңіз.

Кейбір француз курорттары, мысалы Les Deux Alpes, жаздық шаңғы тебу үшін шілдеде есігін айқара ашады. Бұл – әлемдегі ең биік шаңғы аймағы. Он алты көтергіш жол таң атқаннан кеш батқанға дейін жұмыс істейді және түске дейін шаңғы тебуге болады.

Тинь – тағы бір атақты француз тау-шаңғы курорты, ол шілденің басынан тамыздың аяғына дейін жазғы шаңғы тебуді ұсынады.

Бүкіл отбасы ляззат алатын тағы бір әйгілі альпілік қызмет түрі - жаяу жүру мен треккинг. Француз Альпісінде жеңіл орман жолынан бастап күрделі шыңға шығуға дейінгі әртүрлі санатқа арналған таңдаулар бар.

18 және 19 тамызда Тин курортында TIGNES TRAIL жарыстары өтеді. Екі нұсқа, екі жол болады: 12 км және 20 км.

 

Қатысу құны:

Tignes Hard (18 жастан бастап): 15 € 
Балалар жолы (7 жастан бастап 15 жасқа дейін): 5 € 
12 km  (16 жастан бастап): 10 € 
20 км (16 жастан бастап): 20 € 

Еуропадағы ең атақты жаяу бағыт – Tour du Mont Blanc шығар. 170-шақырымдық трасса үш елдің: Швейцария, Италия және Франция аумағы арқылы өтіп, Монблан массивінің маңында шоғырланады.

Туристер бұл атақты маршрутты, әдетте, 11 күн бойы жүреді.

Егер сіздің осынша уақытыңыз жоқ болса, онда Шамони алқабында ұзақ серуен жасауыңызға болады. Бұл Шамонида шаңғы теуіп немесе сол арқылы өтіп Мон-Бланды бірнеше рет көрген болсаңыз, өте қызықты болады.

Монбланның басқы ракурсын қамтитын жаяу маршруттар да бар. Олар Ле Контаминнен Зеез (Бур-Сент-Мориса маңында) бағытынан бастап, Италия мен Валь-Венидің басқа жағына, Валь-Ферре Курмайорадан Швейцарияға бағыттап, Чампекс және қайтадан Шамони алқабына әкеледі.

Егер сіз жаздық демалысыңызды сусыз елестете  алмасаңыз, онда француз Альпісінде әсем альпі көлдері жетіп артылады, онда спорттың су түрлерімен және шомылумен айналысуға болады.

Saint Croix du Verdon – жүзу, ескек есу, каякинг және парустық спорт сияқты судың спорт түрлеріне арналған. Каяктар мен каноэні жақын маңда жалға алуға болады. Пикникке қажеттінің барлығын өзіңізбен алып, шуақты күнде әсерлі дем алыңыз немесе салқын мұзды суда шалпылдатып шомылыңыз.

Жыл сайын маусымның аяғында – шілденің басында Grande Traversee des Hautes-Alpes-те әйгілі бес күндік Alps Epic веложарысы өтеді. Велосипед тебушілер күн сайын француз Альпісінде ең күрделі маршрут бойынша 50-70 км игереді.

Жарыс маршруты La Grave-Villar d'Arene басталып, Laragne-Montéglin дейін барады және ландшафт пен әсерлі сезімнің таңдаусыз түрлерін ұсынады: мұздық табанындағы биікке шығу, бақтар мен лаванданың провансальдық атмосферасы, Серр-Понсон көлінің маңындағы серуен. Жол оңтүстікте Chemins du Soleil шығады.

Трассаның ұзындығы – 350 км, теңіз деңгейінің үстіндегі максималдық биіктігі – 2500 м, минималдық биіктігі – 570 м. Жол жүрудің екі нұсқасы бар: 1-нұсқа – Cols d'Altitude, Queyras және Dévoluy арқылы 349 км, 2-нұсқа – Southern Balconies, Ecrins және Gapençais арқылы 357 км.

Бұл маршрутты жарыс сайтынан картаны жүктеп, өздігінен жүруге болады. Жолдағы уақыт 7-10 күнге созылады, ол сіздің деңгейіңізге байланысты.

Сіз бір барғаннан шынайы мауинтинбайкердің тәжірибесін аласыз, ландшафтардың ауыспалығын көресіз, мұздықтар мен лаванда алқаптарын тамашалайсыз, атақты МТВ-сайттарына барасыз (La Grave – Briançonnais – Ecrins - Champsaur-Valgaudemar – Gapençais – Dévoluy - Buëch).

Жол бойы түнеуге арналған ыңғайлы орындар бар, сонымен қатар, бүкіл маршрут бойынша 8 техстанция бар.

Веложарыстар сайты – Alps Epic в Hautes-Alpes - alpsepic.com.
 
Маршрут мамырдың басынан қазанның ортасына дейін ашық, ол қар мен ауа-райының жағдайына байланысты.

Трасса FFC ресми тегтері – екі шеңберлі қызыл үшбұрышпен жазылған.

Оңтүстік француз Альпісінде рафтингке арналған тамаша орындар да бар. Қар ери бастаған кезде өзендердегі су көтеріледі, қарқынды көбікті судан рахат алуға халық бүкіл дүние жүзінен жиналады. Жоғарғы Прованс Альпісінің өңірінде Убай және Вердон өзендерінің ағысымен жүзуге болады.

Шамони – Франциядағы атақты балық аулайтын жер. Lac de Ilettes – үш көлден құралған тынық топ. Атап айтқанда, Lac des Chavants в Les Houches – алабалық аулауға арналған керемет көл.

La Grave, Les Duex Alps, Alpe d'Huez және La Berarde курорттары мұздық бойынша атақты треккинг ұсынады.

Альпідегі жаңа орындар ашу мен бірегей демалудың жолы – квадроцикл. Көліктің бұл түрі сізге бірталай жерді аралау және жаяу серуендеу кезіндегіден де көп нәрсені көру мүмкіндігін сыйлайды. Квадроциклда серуендеуге арналған тамаша орын – La Plagne. Belle Plagne бастап Вануаза мұздығына, Тинь және Куршевель мұздықтарына жол ашатын альпі шалғыны етек жаяды.

Альпідегі гольф – барша отбасымен жақсы уақыт өткізетін спорт түрі. Ал балалар үшін алғашқы дәріс алу үшін көрікті Альпіге шақ келер орын жоқ екендігінде шек жоқ.
Evian Resort гольф бойынша LPGA Tour жарысының бағдарламасын, ал Domaine du Divonne – француз Альпісіндегі екі атақты гольф-курортын ұсынады.