15:01, 17 Тамыз, 2018
421 просмотров

Әлемде балалар ски-пассының бағасы өсуде

13.08.2018 Халықаралық шаңғы спорты федерациясының (FIS) зерттеуінің мәліметтері бойынша тау-шаңғы көтеруші жолдарының балалар абонементтерінің бағасы бүкіл дүние бойынша өсуін жалғастыруда.


FIS өзінің Балалар ски-пасс бағалары туралы халықаралық есебінің екінші басылымы үшін 54 елдің 767 курортының бағаларын қарастырды.

Соңғы үш жылда балалар ски-пассының бір күнінің орташа бағасы 17% аса өскен. Алты күндік ски-пасстың бағасы 15% аса көтерілген.

Дегенмен, көптеген курорттар көтеруші жолға тегін абонементтер ұсынатын жас мөлшерін де ұлғайтты.

Мәліметтер курорт сайттарындағы бағаларға негізделген және мұнда топтар, туристік компаниялар, туроператорлар немесе кеңінен таралған маусымдық жеңілдіктер үшін ұсынылатын жеңілдіктер ескерілген жоқ.

FIS баяндамасында «Қар бойынша спорттық жарыстардың қатысушыларының саны әлемдік масштабта тұрақты, ал кейбір жағдайларда баяу төмендеуде», - деп айтылған.

«Спорттың қысқы түрлерінің болашағы жас кезінде спортпен шұғылданған балаларға байланысты екендігі туралы жалпы түсінік бар.

Балалардың спорттың қысқы түрлеріне қатысуын ынталандырудың көптеген түрлері болса да, тұрақты талқыланатын сәттердің бірі – бұл ски-пасс бағасы», - делінген.

Басты хабар:

  • Орташа есеппен балалар ски-пассының 1-күндік бағасы 2015 жылғы 27,81 CHF (шамамен € 24) бастап 2018 жылы 32,61 CHF (€ 28) дейін өсті.
  • Орташа есеппен балалар ски-пассының 6-күндік бағасы 2015 жылғы 143,01 CHF (шамамен € 123) бастап 2018 жылы 165,23 CHF (€ 142) дейін өсті.
  • АҚШ-ты қоса, 54 зерттелген елдің төртеуінің ұлттық орташа көрсеткіштері әлем бойынша орташа көрсеткіштерден жоғары.
  • Курорттардың 37% балалар ски-пассы үшін жалпы бағаның жартысын (немесе одан төмен) ұсынады – олардың саны 1% астам өсті.
  • Курорттардың 67% 16 жас және одан кіші жастағы балалар үшін 5% жеңілдік ұсынады.
  • Ски-пасқа отбасылық жеңілдік ұсынатын курорттардың саны 35% бастап 32% дейін азайды.
  • Курорттардың 9% балалар үшін ски-пастың жарты (немесе одан да төмен) ақысын, 16 жасқа дейінгі балаларға жеңілдік немесе отбасылық жеңілдіктер ұсынады. Бұл алдыңғы зерттеуге қарағанда екі есе артық.


Сонымен қатар зерттеу бірқатар беталыс көрсетті.

  • Алдын-ала немесе шарықтауы төмен кезеңге сатып алынған билеттердің динамикалық немесе икемді бағасын көп пайдалану (АҚШ үшін қалыпты және Канада мен Еуропада да дамуда).
  • Бала жасы шеңберіндегі өзгерістер. Балалардың шаңғыны тегін тебуі ұлғайтылды.
  • Елеулі жеңілдіктер беретін, көптеген мультикурорттық маусымдық ски-пасстар.
  • Баға айналымының бірыңғайластырылған құрылымы мен шаңғышылар және сноубордистердің көлемі арасындағы арақатынастық (корреляция).


Баяндамада «Осы беталыстардың әсері өлшенбесе де, нақты оңтайлы әсер бар деп пайымдалады, себебі бұл беталыстар әлем бойынша бірнеше елдерде бар» деп көрсетілген.

Зерттеу 2017 жылғы қазан айы мен желтоқсан айы аралығында жүргізілді.

Елдер бойынша:

Австрия. Отбасылық демалысқа арналған ең тартымды елдердің бірі. Көптеген курорттар отбасылық жеңілдіктер ұсынады, көбінесе екі сырғанайтын баласы бар бір үлкен адамға арналған жеңілдік. Бұл ұсыныстар жеті жасқа дейінгі, кейбір жағдайларда 10 жасқа дейінгі балаларға таралады.


Франция. 5 жасқа толмаған балалардан ски-пасс үшін ақы алынбайды. Тау-шаңғы аудандарының бірқатарында жеңілдік пайдаланатын баланың жасы 13 жастан 16 жасқа дейін, екі жағдайда – 18 жасқа дейін ұлғайтылған.

 

Италия. Сауалнама жүргізілген итальяндық курорттардың жартысынан көбі 7 немесе 8 жасқа дейінгі балалардан ақы алмайды, бұл жас басқа еуропалық елдердің басым көпшілігінен жоғары. Орташа балалар жеңілдігі 26-дан 16% дейін төмендеген кезде, көптеген курорттар балалардың жеңілдік пайдалана алатын жасын ұлғайтқан.

Жапония. Елдің алдыңғы қатарлы тау-шаңғы операторы, елдің он үздік шаңғы ауданын басқарушы Prince Hotels 13 жасқа толғанға дейінгі балалардан шаңғы тебу үшін ақы алмайды.

Швейцария. Орташа есеппен балаларға ересектердің пси-пассына 46% жеңілдік беріледі. Одан басқа, барлық курорттар 6 жасқа дейінгі балаларға тегін ски-пасс ұсынады, оның ішінде сауалнама жүргізілген курорттардың жартысы 7, 8 немесе 9 жасқа дейін шаңғыны тегін тебуді ұсынады. Елдегі 1-күндік ски-пастың орташа бағасы (21,41 CHF) дүниежүзі бойынша орташа бағадан (32,61 CHF) төмен болып табылады.

АҚШ. Орташа есеппен елдегі 1-күндік пси-пасс бағасы әлемдегі орта есептегі бағадан 16.09CHF жоғары. Бұл жерде шаңғыны тегін тебетін баланың жасы 4,4 дейін өскен. Баланың жасөспірім жеңілдігін алатын орташа жасы 18 жастан 19 жасқа дейін өскен.


Норвегия. Осының алдында бінеше тау-шаңғы аймақтары балалардан 6 жастан бастап ақы алатын. Бұл жолы барлық қарастырылған өңірлерде 7 жасқа дейін шаңғыда тегін сырғанау ұсынылуда.

world-snow-day.com/planetski.eu материалдары бойынша