12:50, 17 Тамыз, 2018
598 просмотров

«Роза Хутор» курорты қонақжайлық сервисінің жаңа стандарттарын қабылдады

«Роза Хутор» курорт қонақтарына қызмет көрсету сапасын жетілдіруді жалғастыруда. Маусымға, қызметтің өзі мен нақты қызметкерге тәуелсіз, қызмет көрсетудің бірегей жоғары дәрежесін қамтамасыз ету мақсатында, курортта Қонақжайлылық сервисінің стандарттары енгізіледі.

Олар клиенттік қызмет көрсетудің үздік халықаралық тәжірибесіне негізделген және қонақтармен өзара қатынасқа түсетін барлық қызметкерлердің орындауы міндетті болып табылады.

«Біздің курорттың қонағы – біз үшін үлкен құндылық,- дейді «Роза Хутордың» бас директоры Сергей Бачин. – Бізге дем алуға келетін адамдардың көтеріңкі көңіл-күйі, ұмытылмас әсер алуы мен оларды қолдаудан маңызды тапсырма жоқ. Біз «Роза Хутордағы» демалыс әрбір қонақ үшін барынша ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін барымызды саламыз. Біз үнемі осы бағытта кемелдене түсеміз, өйткені тек сондай стратегия ғана табыстың артуына, абыройымызды сақтауға және бренд сапасын көтеруге мүмкіндік береді».

Қонақжайлылық сервисінің стандарттары сыртқы түрдің нақты параметрлерін, қызметкердің жұмыс орнын, оның жүріс-тұрысын, қонақтармен өзара қатынасын, курорт қонақтарына сервис ұсынуды көздейді. Клиенттермен жұмыс істейтін қызметкер құпиялылық ережелерін, қонақтардың демалысының даралығын сақтауы керек. Қабылданған стандарттар жақсы сервистің алты негізгі құрамдасынан тұрады, олар – жылдамдық, ыңғайлылық, дұрыс қатынас, қолжетімділік, жылы шырай және тиімділік.

Қонақжайлылық сервисі стандарттарын сақтауды бақылау үшін курортта бақылаудың тиісті аспаптары құрылған. Қонақтармен кері байланыс: сайттағы бөлім, шағым және ұсыныс кітабы, әлеуметтік желілердегі беттер, қоғамдық пікір сауалнамасы ұйымдастырылған. Ішкі аудит, қонақтаға қызмет көрсету уақытын бөлу мен жылдамдықты өлшеу жүргізіледі, қоңырау шалуды талдау, «құпия сатып алушының» келуі жүзеге асырылады және т.б.

«Роза Хутор» – әлемдік кластағы жыл бойы істейтін тау курорты, 2014 жылғы Сочидағы XXII Олимпиадалық және XI Паралимпиадалық қысқы ойындары мұрагерінің ірі нысаны. Қыста дем алушыларға үздік әлемдік сарапшылары жобалаған жалпы ұзақтығы 102 километр, 28 көтергіші бар тау-шаңғы трассалары ұсынылады. Жаздыкүні көрікті тау шыңдары бойында жаяу және веломаршруттар, Көгілдір ту – сапасының экологиялық сертификатына ие, Имеретин алқабындағы жеке теңіз жағажайындағы демалыс белсенді сұранысқа ие. Курортта жұлдыздылығы әртүрлі санаттағы 14 қонақ үй жұмыс істейді. Курорт сервис пен қауіпсіздіктің жоғары стандарттарымен, сонымен қатар алдыңғы қатарлы технологияларымен ерекшеленеді. 2013 жылдан бастап бес жыл қатарынан World Ski Awards нұсқасы бойынша «Роза Хутор» Ресейдегі үздік тау-шаңғы кешені болып табылады. 2018-2019 қысқы маусым нәтижесі бойынша курорт 920 мыңнан астам келушілерді қабылдады.