08:27, 2 Мамыр, 2018
497 просмотров

"Көкжайлау – пайдаланушылардың жабық клубы". Таушаңғы курортын кімдер үшін салғалы жатыр?

"Көкжайлау – пайдаланушылардың жабық клубы". Таушаңғы курортын кімдер үшін салғалы жатыр?

Көкжайлаудағы курорт құрылысы, Наиль Нуровтың айтуынша, шетелдіктерге емес, ең алдымен Алматы мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келген туристер үшін салынбақ.

Алматының сол кездегі әкімі Ахметжан Есімовтің Алматылықтардың тау шаңғысына әуестігі туралы пікірі сол кездері Қазнетте көптеген пікір тудырды. Бүгінде де тау курортының лоббисттері оңтүстік астана тұрғындарына ерекше үміт артады.

Шетелдіктерге атап айтқанда Көкжайлаудың және жалпы алғанда Алматының тартымдылығы туралы сұраққа жауап бере отырып, Нуров мырза былай деп атап өтті: "Біз Көкжайлау курортын біріншіден алматылықтар үшін, екіншіден – қазақстандықтар үшін, үшіншіден – шетелдіктер үшін жасаймыз. Міне, бүгінгі Көкжайлау үлгісі: біз ең алдымен алматылықтарды шаңғыға тұрғызуымыз қажет".


Наиль Фаридович жобалау үшін таңдалған "Көкжайлау" үлгісі – бірінші кезекте өте әлеуметтік үлгі екенін атап отыр. Онда негізінен "жасыл" трассалар, яғни жаңа үйреніп жүргендерге, балаларға, қарт адамдарға арналған. Ол әлемде дәл қала ішінде орналасқан небәрі бес курорт бар екенін еске салып, австриялық Зальцбургты мысалға келтірді. Оның бағалауынша, ол жақта тұрғындардың 90% шаңғы тебеді. Бірақ, Нуров жабдықтың қымбатшылығы туралы біледі, спорттың осы түрін Алматы тұрғындарының 10% ғана таңдайтыны да оған белгілі.

"Иненің көзіндей жерге неге соншалықты қадалып қалдыңыздар?" – деп Наиль Нуров Көкжайлау қорғаушыларына үн қатты және оларға Қазақстан аумағының көлемі бойынша 9-шы орын алатынын естеріне салды. Қала тұрғындары үшін Көкжайлаудың маңызы зор және қала субмәдениетінің бір бөлігін бұзды деп айыптау – жалған мен барып тұрған өтірік. Нуров мырза Көкжайлаудың Медеу, Шымбұлақ және, тіпті, Бутаковка сияқты ешқашан да қаламыздың субмәдениетінің үлкен бөлігі болмағанына сенімді. Алматылықтар енді нағыз құндылықтарды қай жерден іздейді? Қазақстанның оңтүстік астанасындағы кеңес кезеңінің соңғы үлгідегі сәулет өнерін бағаламайтынымызға Нуров мырзанының әбден налып отыр. Бұл бүгінде қаламызда бар болып, біз оны сақтамайтын нағыз құндылықтар.


"Біз жабық клубты бұза бастадық"

Нуров Көкжайлауды жойылып бара жатқан қала құндылығына айналдыру әрекетінің жалған екенін айтады. Бүгінде және тіпті кеше десек артық болмас, Көкжайлау – пайдаланушылардың жабық клубы, оған адамдардың шағын қоғамдастығы кіреді. Қалада тұрып, бір сағат ішінде-ақ тауға шығып, жабайы табиғатпен жүздесу шынымен де бірегей мүмкіндік.

Мен денесі шыныққан адаммын, - деп су добы бойынша халықаралық сыныптағы спорт шебері болған Наиль Нуров еске салып отыр. Бірақ, Көкжайлауға көтерілгеннен кейін маған өзімді қалпыма келтіру үшін шамамен 20 сағат қажет. Мұнда кәдімгі табиғи кедергі бар, күрделі жер бедері, күрделі маршрут, жайсыздық. Үстіртке апарар жолда баспалдақ та, таяныштар да жоқ.

Алайда, Алматы маңындағы Қасиетті-Серафим-Феогностовский Ақсай ерлер монахтар мекеніне апарар жол да Іле Алатауының дәл осындай тік бөктерлері арқылы өтеді. Табиғаттың қол тимеген бұрышын жайластыру үшін мемлекеттен бір жарым миллиард инвестицияны талап етпестен, жыл бойы осы бөктерге әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қажылық жасайды. Мәдени және діни мақсатта тек Еуропа бойынша жыл сайын жәдігерлер, артефактар мен мүрделер қожайындарының бюджетін толтыра отырып, 40 млн адам саяхаттайды. Беларусьтің спорт және туризм министрлігі тіпті діни туризмге өз парақшасын арнады.


Наиль Фаридович "табиғаттың қателігін түзеткісі" келе ме? Компания директоры бұндай нәрсе бірнеше рет жасалғанын еске салды. 1950 жылғы Медеу шатқалы – керемет табиғат пен аяқ баспаған қалың ормандар. Бірақ бүгінде "Жауыздар, мына мұзайдынды не үшін салдыңдар, бұрын мұнда шатқал болатын, өзен сылдырлап ағып тұратын, шырша өсетін" - деп ешкім жазғырмайды. Қапшағай суқоймасы да адам қолынан жаралған нәрсе. Бірақ, суқоймасын пайдалануға бергеннен кейін Алматыдағы ауа райы шынымен өзгеріске ұшырады, - деп еске алады Алматыда туып-өскен Наиль Нуров.


Наиль Фаридович ескі тұрғындарға сілтеме жасай отырып, 2012 жылға дейін Көкжайлауға жыл сайын үш мыңнан бес мыңға дейін адам келіп тұрғанын хабарлады. Жоқ, бейнекамералар болмаған, ешкім де есептеген емес, бірақ байырғы тұрғындардың айтқандарын салыстыра отырып, осындай санға шықтық. Көкжайлау құрылысы туралы сөз қозғалған кезде, ақпараттық блокада басылды, адамдар ести бастады. Сұхбаттасушы осы сәтті Көкжайлауды игеру күні деп атайды: бүгінде біз санап шыққандай – Көкжайлауға 40 000 адам көтерілді. Біз Көкжайлау пайдаланушыларының осы жабық клубын бұза бастадық, - деп қуанады директор. Қазір соқпақ жолдарды абаттандырамыз, аса күрделі жерлеріне баспалдақтар орнатамыз, сөйтін спортпен шұғылданбайтын, қарапайым денсаулығы бар адамдар жайлап көтеріле алатын болады. Гондоланы іске қосқаннан кейін, жүз мыңдаған, миллиондаған адам оны көре алатын болады, - деп қиялға берілді Наиль Фаридович. Ол ондағының бәрін бұзбайтындарына уәде беріп, қолжетімділік пен экологиялылық синтезін жоспарлайтындарын айтады.

Неліктен қол жеткізген жетістік пен Көкжайлауға баратын адам санының сегіз есе өсімін қанағат етпеске? Неліктен еуропалық гондола жабдығын сатып алудың орнына Көкжайлау курортында қазақ этноауылын жасамасқа? Міндетті түрде қымбатқа салып, жасаудың не мәні бар?

Осы сұрақтарға жауап ретінде Нуров, неге екені түсініксіз, ресурстар қарғысы туралы, мұнайдың қаншама мемлекеттерді аздырғаны туралы айтты. Осыған ұқсас жағдай біздн де болып жатыр. Ал осы уақытта Грузияда туристер легі бірнеше есе өсті, Қазақстанға қырғыздарды мысал етіп келтіре бастады. Директор Нуровтың есептеуінше, бізбен көршілес жақта, біздің туристерге сене отырып, қырғыздар 18 таушаңғы курортын салуда (шындығында бес – Авт.). Наиль Фаридович олардың экологиялық ауылдарына, дұрыс жабдықталған киіз үйлері мен ішіндегі люкстік бес жұлдызды санитарлық торабына қайран қалады. Қырғыздарды осыны жасауға өмір мәжбүрлейді, - деп Наиль Нуров өз-өзіне түсіндіруде, ал Қазақстанда Көкжайлаудағы құрылысқа қатысты не үшін дауласып жатыр?


$100 үшін күресу

"Мен сенімдімін: біз Көкжайлауды салған кезде, адамдар: бұрын қайда болғанбыз, неге сонша созып жүріп алдық? - деп сұрайды. Екі миллион тұрғыны бар қала орталығынан 20 минуттық жерде адам қолы тимеген табиғат бұрышының болғаны – утопия. Біз – урбанизмнің тұтқындарымыз. Бәрі бір қала оны жұтып тынады. Мәселе мында: ол оны қалай жұтып алмақ?" – деп сұрайды Наиль Фаридович.

Табиғатқа жабайы қарауды әңгіме ете отырып, Наиль Фаридович келушілердің аяғымен тапталып, шаң-тозаң болған соқпақ жолдар мен Көкжайлауды еске салады. Оның айтуынша, құрылыс техникасы адам жүре алатын және жүруі тиіс жерлерді, от жағуға болатын, демалуға болатын арнайы жерлерді, шатыр тігуге болатын, су мен электр қуаты бар болатын, қоқыс шығаратын жерлерді белгілеп береді. Біздің басты міндетіміз – табиғатты игеру мен оны сақтау синтезін меңгеру, - дейді ол.


Көкжайлауға көтерілу – денесі шыныққан адам үшін де оңай іс емес. Міне, енді осы Көкжайлауға барып, оның рахатын көріп жүрген азғантай адамдар тобы өз артықшылықтарын жоғалтып бара жатқандарын сезді. Содан олар шулай бастады: экологиялық апат, біз қаланың ауасынан, қалаға келетін судан айырылып барамыз , – бірақ мұның бәрі сандырақ қой, деп ашынады Нуров мырза.

"Біз кішігірім әлеуметтік курортты көріп тұрмыз, ол туристік индустрия мен инфрақұрылымды қалыптастыру жағынан революциялық болмақ".

Наиль Нуровтың есептеуінше, әртүрлі әуекомпаниялардың бортында жыл сайын Алматыға жалпы алғанда жарты миллион бос орын ұшып келеді екен. Біз сол бос орындарды толтыра алмаймыз, сол адамдарды бізге алып келіп, қаламызды адам келетіндей тартымды етіп жасауымыз керек, - дейді Наиль Фаридович. Бұл қала үшін үлкен проблема: Алматыда не істеуге болады? Шопинг тарапынан алғанда, аспаздық туризм жағынан қарағанда қала – сәулетті, серуендеуге болатын жерлер де пайда болып келеді. Бүгінде туроператордың Алматы қонақтары үшін дайындайтын қарқынды бағдарламасы үш күннен аспайды. Көкжайлау туризм жағынан қарағанда бізге кем дегенде тағы бір күн қосып береді және тек қыс мезгілінде ғана емес: қызықтығы жағынан жаздық бағдарламалар қыстығынан еш кем түспейді. Таушаңғысына келген әрбір турист күніне $250 тастайды, Көкжайлауға келіп кеткен адам саны – күніне 5000. Олардың ішінде көбі – алматылықтар: сондықтан, Наиль Фаридович $250 деп дұрыс санды көрсетпей, $100 алып тұр. "Осы үшін күресуге болады! Көкжайлау дегеніміз осы! – дейді Наиль Нуров.


Абай Ерекенов қазақстандықтардың жоқшылыққа ұшырағандығы туралы еске салады. Егер дағдарысқа дейін ҚР орта табы шамамен халықтың төрттен бір бөлігін құраса, елдегі 2014 жылғы құнсызданудан кейін орта таптағы қазақстандықтар саны шамамен халықтың 17% құрады, ал бүгінгі таңда дағдарыстан кейінгі Қазақстанда орта тап енді жоқ. Сұхбаттасушымыз әйгілі сарапшылардың тұжырымдарына жүгініп отыр: негізінде, Қазақстанда қор жинау және ірі сауда жасау мүмкіндігі бар халықтың 1-3% бар және күн сайын "айлықтан айлыққа" тәртібімен өмір сүретін халықтың 97% бар". Бұл ретте олардың орташа табыс көлемі (медиана) ресми ең төмен күнкөріс деңгейіне қарағанда бар болғаны 50% жоғары. Көрсетілген Қазақстанның 1-3% бай тұрғыны Астананың солтүстік жағалауы мен элиталық тұрғын үйлерге шоғырланған, сондықтан да көп жағдайда Қазақстан бойынша шынайы көріністі көре алмайды.

Неліктен дәл Көкжайлау?

Көкжайлауға ұқсас жерлер: мысалы, Асы, Талғар, Ақ-Бұлақ трассалары қарастырылды ма? Неліктен дәл Көкжайлау, облыс аумағында емес, дәл қала аумағында соншама бизнес-стратегиялар шоғырланған? Almaty Mountain Resorts басшысы Наиль Нуровпен кездесу кезінде Informburo.kz журналисті сұхбаттасушыға курортқа арналған басқа да әлеуетті жерлер туралы еске салды. Олар жайында Наиль Фаридович біледі, бірақ аталғандардың барлығы Алматы облысында орналасқан.


"Жоқ, ақша беруге келгенде аянбаймын. Біздің мемлекеттік құрылысымызды елемей қоюға болмайды: біз әкімшілік жағынан бөлінгенбіз. Көкжайлау, Медеу, Бутоковка – қала. Сіздің атағанның барлығы – Қаскелең, Түрген, – Алматы облысы. Мен Алматы облысының туризм жөніндегі басшыларының бірімен кездестім. Ол маған күлімсіреп тұрып, былай деді: "Бізге жұмыс істеуге мұрша беріңіздер, бұл біздің аумағымыз, біздің жұмыс жасауға заңды және моральдық құқығымыз бар". Мен былай дедім: "Әрине, бірақ біз де бірігуіміз қажет. Дегенмен, мен мемлекеттік адаммын және Бюджет кодексі бойынша қаланың ақшасын Алматы облысына және керісінше салуға құқығымыз жоқ екенін түсінуім тиіс. Президенттің агломерацияны дамыту жөніндегі бағдарламасы бар және біз оны міндетті түрде пайдаланатын боламыз, бірақ бүгін бізде Көкжайлау бар. Таушаңғы мен тау туризмі жағынан Алматы және Алматы агломерациясын дамытуды қарастыратын мастер-жоспарға тапсырыс береміз. Бізге оны жетілдіруге аустриялықтар көмектесетін болады. Негізінде Шымбұлақты, Ақбұлақты, Бутаковканы, Қаскелеңді, Үлкен Алматы өзенін, Көкжайлауды байланыстыру жоспарлануда. Иә, бұл туризм бойынша еркін экономикалық аймақ сияқты болмақ. Ski-pass сатып аласың да, сырғанай бересің, басқа өңірдің аумағына, басқа заңды тұлғаның юрисдикциясымен басқа аумаққа кіріп кеткеніңді де білмей қаласың. Тұтынушының Алматыда немесе облыста жүргенімен шаруасы да болмайды, бірақ мұның бәрі ертеңгі күн. Бірінші міндетіміз – Алматының аумағында орналасқан жерлерді реттеп алу. Ертеңгі күні біз өзара әрекеттесуге келетініміз айдай анық".

Көкжайлау құрылысының екінші жақтаушысы Арманжан Байтасов басқа бағыттарды да дамытуға келісіп отыр: Талғар, Ақбұлақ, Асы, Оңтүстік Қаскелең. Таушаңғы түристі үшін жол неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы – анда бардың, мында бардың. Таушаңғышыларға әрдайым жаңа жолдарды зерттеген ұнайды.

Арманжан Байтасовпен әңгімелескеннен кейін редакция Қазақстандық бизнеспен Зейнолла Кәкімжановтың да "Көкжайлау" ТШК құрылысына ұқсас жерлер, мысалы, Алматы облысындағы Асы үстірті туралы өз пікірін білдіруін сұрады. Бірақ, оның айтуынша, қазіргі сәтте пікір айту үшін оның қолында материал жоқ.

Неге курорт салушыларға шетел туристеріне сенудің қажеті жоқ

ҚР туризміне еңбек сіңірген қайраткер, белгілі қоғам қайраткері және эколог Дагмар Шрайбер Көкжайлауды, Қазақстан мен оның аумағынан тыс жерлердегі қорық аумақтарын жылдар бойы зерттеп келеді. Ол Грузияның Гудауридегі таушаңғы курортын жасаған кездегі бірінші кеңесшісі Луц Хайнрихтің 2007-2008 жж. Алматыда болғанын айтып еске салды. Ол картадан Көкжайлаудың орналасу аумағына талдау жасады, өзі Көкжайлауға көтеріліп, оны таушаңғы курорты (ТШК) жасауға үзілді-кесілді қарсы болды. Шынында, оған Бутаковка шатқалы аздап ұнады. Иә, шынымен де, Инсбрукте, Торонтода, Ослода қала ішінде орналасқан ТШК бар және ойдағыдай жұмыс істейді. Бірақ, оларды Алматымен салыстыруға болмайды. Онда қалалардың көркі мен қала инфрақұрылымы туризмге жарайды, Ал Алматыда – жоқ, деп есептейді Шрайбер ханым. Туристерге арналған "1000 бояулы қала" (Алматы қала әкімшілігінің билбордтарындағы лого) "1000 проблемалы қала" болып табылады. Жарамсыз әуежай, ластанған ауа, кептелістер. Қалалық көліктің өзі – шетелдіктерге арналмағаны анық (мүмкін, метроны қоспағанда). Шет тілдерінде сөйлейтін гидтер де жоқтың қасы, қала бойынша тур-пакеттерді де таба алмайсың, туристерге арналған ақпараттық орталықты да іздеп табу қиын.


20 жылдан асақан жеке тәжірибесіне сүйенген Дагмар еуропалықтардың өзгертуге келмейтін объективті себептермен Қазақстанға келуге дайын еместігіне көз жеткізіп келеді. Біріншіден, алыс, билеттер қымбат: 90% жағдайда бұл фактор жақын орналасқан және арзанырақ жерлерді тартымды етіп көрсетеді (Жерорта теңізі мен Альпі). Қалған 10% – өте талғампаз халық: мұндай саяхатшылар шынымен де өз ақшаларын жұмсауға дайын, бірақ өте талғампаз – олар жабдықталған немесе бірегей, ерекше бағыттарды таңдайды. Егер мұнда Бутан, Ботсвана, Коста-Рикадағыдай алдын ала жағдай жасалған болса, олар Қазақстанға да келер еді. БІрақ, өкінішке орай, ондайымыз жоқ. Ауа-райы континенттік, нағыз теңіз жоқ, бұған ештеңе дей алмайсың.

"Қазақстан – керемет табиғи ландшафтары бар, бірақ... бос жатқан орасан зор ел. Жануарлар жоқ, олардың барлығын дерлік жойып тастады. Ал аман қалғандарының қорқақтығы соншалықты, оларды көрмейсің де. Ссәл болса да жалғыз ерекшелік: Ақсу-Жабағылы, Алтын Емел. Онда да асып тұрған ештеңе жоқ. ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) жағдайының аяныштылығы соншалықты, шетелдіктер үрейі ұша теріс айналады. Егер еуропалықтар алысқа ұшатын болса, оларға шаңғымен ғана сырғанау жеткіліксіз. Олар тұтас алғанда бірегей, кешенді әсер алғылары келеді. Ал осындай әсер үшін көп нәрсе жетіспейді. Ештеңеге қарамастан бірегей өнімді ұсынатын санаулы ғана туристік фирма бар. Silk Road Adventures энциклопедиялық сайтына кіріңіз, сонда бірегей турлар ұсыну үшін қанша еңбек ету керектігін түсінетін боласыз.

Мен әлемді көп аралаймын және көп нәрсе көрдім. Туризмде не болып жатқанын бірден айта аламын: мемлекеттік маңыздылығы бар шаруа іс жүзінде жүргізіле ме, әлде тек құры сөз бе. Адамдарға туризмде өз креативін дамытуға мүмкіндік бере ме, беретін болса, қолдау көрсетіле ме? Немесе мемлекет қажет емес жерде араласа бере ме? Оны тұрақты түрде, үйлесімде, табиғатқа қатысты тиісті ұқыптылықпен дамытуға тырыса ма? Немесе әлеуметтік және экологиялық салдарына қарамай, күштеп жасай ма? Жүйелі түрде немесе қалай болса солай ма? Күштеп және қалай болса солай жасалатын елдерге қайта бармауға тырысамын. Және барлығы да мен сияқты жасайды. Себебі мұндай құбылыстармен бетпе-бет келген жаман. Өзіңді амалсыздан осы талқандау процесінің бір бөлігі ретінде сезінесің. Демалыс кезінде кім осындай күйге ұшырағысы келеді? Егер Қазақстандағы көптеген достарым болмаса, егер қорғауға лайық осы таңғаларлық табиғат болмаса, жай турист ретінде мен мұнда келмес едім", – деп Дагмар Шрайбер өз ойымен бөлісті.


Дереккөзі: informburo.kz

">