12:46, 19 Ақпан, 2018
518 просмотров

Наиль Нуров: "Қазақтың Куршевелі - бізге керегі бұл емес!"

Неге Көкжайлау шипажайының жобасын өзгерту шешімі жасалды және Almaty Mountain Resorts компаниясы немен айналысады?


"Көкжайлау" тау шаңғы шипажайы жобасының жаңартылған ТЭН маусымда дайын болады. Көкжайлау үстіртінде Тау шипажайы құрылысының болашағы қаншалықты зор және қаншалықты қауіпсіз екенін түсіну үшін «Капитал.kz» жобаның жаңа жетекшісін, Наиль Нуровты сұхбатқа шақырды. Ол жобаның жаңа ТЭН-де кез келген экологиялық қауіп-қатерді болдырмау үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған деп растайды.


"Біз жоба қарсыластарының барлық дәлелдерін жақсы түсінеміз"


— Наиль Фаридович, "Көкжайлау" жобасы — қаланың ең қорқынышты әңгімелерінің бірі екендігі құпия емес. Шипажай құрылысы голливудтың атағындай көлемді апатқа алып келеді деген түрлі қауесеттер жүр. Сіз үшін осы жобаға қайта оралу қорқынышты емес пе?

– Әдеттегідей, қауесеттер тым әсіре айтылған. Біздің оппоненттеріміздің арасында экологиялық қозғалыстың көптеген белсенділері бар, бірақ кәсіпқой экологтар жоққа тән. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, қала экологиясын нашарлататын негізгі көздер ЖЭО, автомобильдер мен автобустардың пайдаланылған газы, сонымен қатар жеке үйлерді көмірмен және түрлі тұрмыстық қалдықтармен жағып жылыту болып табылады. Көкжайлау – қала ауқымына қарағанда шағын аумақ және тау шипажайының осы жердегі құрылысы ауыр экологиялық салдар туғызуы мүмкін емес нәрсе. Ойланып көріңіздерші, біз орасан зор өнеркәсіптік кешен емес, шағын шипажай туралы әңгіме қозғап отырмыз.

Алматыда 2011 жылғы жазда өткен дауылды жел мен Медеу шатқалындағы Мохнатка тауында 2012 жылғы тамызда орын алған өртті еске түсірейік. Бірінші жағдайда 100 мыңға жуық ағаш құлады, ал екінші жағдайда — 21 гектар орман жойылды. Бұл алматылықтардың зәресін ұшырғанымен қаланың экологиясы үшін апатқа айналған жоқ.

Көкжайлаудан тыс жүздеген шақырымдағы айнала қоршаған табиғатты ешкім қозғамайды. Мұндай орасан зор ауқымда шағын үстірт қаланың өкпесі мен ауызсудың басты көзі болып табылады деп мәлімдеу орынсыз.

Біз жоба қарсыластарының барлық дәлелдерін жақсы түсіндік. Жаңа техникалық экономикалық негіздеме қазір ғана дайындалып жатыр. Алайда біз кез келген экологиялық қатерді, соның ішінде көшкіндердің пайда болуына қатысты қатерді болдырмау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдағанымызды сеніммен айта аламын.

Мен тиімді ойлауды әдетке айналдырғанмын, және де мен қала қауесеттері мен аңыздарынан қорықпаймын. Бүкіл алматылықтар іс жүзіндегі көрініске қол жеткізсе, онда қорқыныштарынан оңай құтылатынына сенімдімін.

– Алматылықтар "Көкжайлау" тау шипажайының құрылысын жаңарту идеясы туралы қаланың билік өкілдерінен емес, экологиялық қозғалыс белсенділерінен біліп отырады деген пікір қалыптасты. Үнсіздік сақтау Сіздің қағидалы ұстанымыңыз ба?

– Расында да, біз бүгінгі күнде, әдеттегідей, ауқымды жобаларды жүзеге асырудың басында баршаға паш етіп жариялап, тұсаукесерлер мен соған ұқсас әрекеттер жасауға асығып отырған жоқпыз. Мен мәндік талқылау тек жаңартылған техникалық экономикалық негіздеме дайын болғаннан кейін мүмкін деп есептеймін. Бұл маусымда болады. Бірақ қазірдің өзінде мен көптеген сұрақтарға жауап беруге дайынмын.


"Шипажайдың алдыңғы идеясы тым ауқымды және қымбат болып шықты"


– Неге "Көкжайлау" шипажайының 2012−2014 жылдарғы жобасын өзгертуге шешім қабылданғанын айтып бере аласыз ба? Бұрынғы жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оңды қорытындысы алынған еді ғой?

Аймақтық саясаттың фокусын аймақтардың жеке шығындарын теңестіруден жеке табыстың өсімін ынталандыруға аударған дұрыс. Атап айтқанда, кез келген аймақ үшін келешегі бар табыс көзінің бірі қазіргі кезде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын жасайтын сырттан келген және ішкі туризмді дамыту болып табылады(Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы халыққа үндеуі).

– Ең алдымен, бұл жағдай біздің қоғам тарапынан келіп түскен көптеген тілектерді естігенімізге байланысты. Жаңартылған жобада барлық даулы сәттер ескеріледі деп Сізге сеніммен айта аламын.

Бұрынғы жоба қызықты және бірегей болып шыққан. Күрделі жұмыс атқарылған болатын, оған тау шаңғы шипажайын жобалау, құрылысын салу және оны қолданысқа енгізу саласындағы үздік шетелдік сарапшылар мен мамандар тартылды. Шипажайдың идеясы тым ауқымды және қымбат болып шыққаны ол басқа мәселе.

Сіздің әріптестеріңіз — журналистер мен экологиялық қозғалыс белсенділерінің арқасында бізге керегі сол кезде де, қазір де "қазақ Куршавелі" емес екенін түсіндік.

– Ал алғашқы, Сіз айтқандай, бірегей жобаны дайындаған "Көкжайлау" ЖШС қайда кетті және «Almaty Mountain Resorts» ЖШС ("Алматы тау шипажайлары") қайдан пайда болды?

– "Көкжайлау" Таушаңғы шипажайы" ЖШС ешқайда кеткен жоқ. Кәсіпорынға жай ғана ребрендинг жасалды. Ағымдағы жылдың қазанынан бастап ол «Almaty Mountain Resorts» ЖШС деп аталады. Бұл ретте тек қана атауы емес, ұйымның мақсаттары мен міндеттері де өзгерді. Енді ЖШС Алматыдағы тау туризм индустриясы мен алматылық агломерацияны кешенді дамыту үшін жауап береді. Кәсіпорынның жалғыз құрылтайшысы бұрынғыдай Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.


"Бүкіл жер телімі бұрынғыдай мемлекеттің меншігінде қалып отыр"


– Біз бұрынғы жобаны еске түсіргеніміз бекер емес. Қарсыластар оның заңдар мен халықаралық конвенцияларды көптеп бұзатынын айтып жатыр. Ал егер сіздің оппоненттеріңізге сенетін болсақ, жаңартылған кәсіпорынның "Көкжайлау" шипажайының ТЭН дайындауға тендерге қатысуы заңсыз болып табылады. Осыны қалай түсіндіресіз?

– Бізге деген наразылық аз емес екені рас, бірақ осыны бірге талқылап көрейік.

Біздің оппоненттеріміздің ТЭН дайындау құқығын мемлекеттік кәсіпорын алғанына реакциясы таң қаларлық. Олар тендердің жеңімпазы ретінде қандай да бір жеке меншік компанияны көргісі келіп, кәсіпорынның болжамды иелерінің есімдерін саз балшықтай илеуді дәмеленіп күткен болатын.

Шынымен, біздің ЖШС жарияланған тендерге толық заңды түрде қатысып, жеңіп шықты. Өйткені біз тендерге белгілі «ГеоДата Плюс» ЖШС жобалаушы компаниясымен бірге заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі ретінде шықтық, ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 6-б. 3-тарм. белгінген шектеулердің бізге қатысы болмады. Және де, айтпақшы, ТЭН дайындауға мердігерлікті жеңіп алып, біздің кәсіпорын ешқандай пайда көріп жатқан жоқ. Ақша тек қана жеті адамның жалақысына, соның ішінде мен де бар, және кеңсені жалдауға бөлінді.

Бізге қатысты айтылатын көптеген заң бұзушылықтар — "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңды, Орман және Экологиялық кодексі ҚР заңдарын, «Дүниежүзілік мәдениет және табиғи мұраны қорғау туралы", «Биологиялық алуан түрлілік туралы" халықаралық конвенцияларды бұзу – осының бәрі іс жүзінде бір ғана басты наразылыққа — тау шипажайының құрылысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоспарланып отырғанына келіп тіреледі. Бірақ бұл олай емес.

2014 жылы Көкжайлау үстіртінің аумағындағы ауданы 1 002,0 гектар жерлер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" санатынан "Көкжайлау" тау шипажайының құрылысы және қызмет етуіне арналған "Алматы қаласы Медеу ауданының қорындағы жерлер" санатына ауыстырылған болатын. Қазіргі кезде бұл жер телімі "Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген. Мен бүкіл жер телімі мемлекеттің меншігінде қалып отырғанына әдейілеп тұрып назар аудартамын. Мен қанша рет болса да, айтудан жалықпаймын, "Көкжайлау" шипажайының аумағында оның құрылысы үшін бөлінген жерлерде ешқандай жеке құрылыстар, коттедждер, виллалар және т. б. болмайды. Осы жердің бір де бір шаршы сантиметрі жекеленбейді, жалға берілмейді, сатылмайды және ауыстырылмайды. Бұл жер телімінде тек қана "Көкжайлау" тау шипажайы болады.

Қаланың табиғи эволюциялық кеңею процессі орын алып жатыр. Біздің оппоненттеріміздің бәрінің де үйлері, салыстырмалы түрде алсақ, жақында ғана табиғи қарағаш және теректер жайқалып тұрған, гүлденген жеміс бақтар өсіп тұрған, жидек пен көкөністер егілген жерлерде салынғанын айтып бәстесе аламын. Менің әкемнің есінде Абай атындағы даңғылдан жоғары болған алма бақтары бар, ал менің есімде қалғаны — Саин атындағы көшенің арғы жағында жатқан жүгері егістіктері.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында жасалған Медеу шатқалының суретіне қараңызшы. Бұл қазіргі кезде аңызға айналған мұз айдыны тұрған орын. Қараңызшы, қандай әдемі! Қандай табиғат! Біздің заманымызда осындай керемет шатқалда мұз айдынын салу идеясы қоғамды қалай дүрліктіретінін ойлаудың өзі қорқынышты. Ал бүгінгі таңда алматылықтар осындай әйгілі құрылыссыз өз қаласын елестете де алмайды ғой.


"Медеу" құрылысы кезінде біздің қазір жоспарлап отырған Көкжайлау үстіртімен салыстырғанда табиғат ортасына араласу ондаған есе артық болғанын ескеріңіз. Біраз уақыт өткен соң, алматылықтар қазір "Медеу" биік тау мұзайдынына қалай жақсы қараса, "Көкжайлау" шипажайына да дұрыс қарайтынына сенімдімін.

Айтқандай, Еуропада ұлттық парктердің аумағында тау шипажайларын салу — әдеттегі тәжірибе. Италиядағы әйгілі Суперски Доломиттері — ең табысты және танымал тау шаңғы шипажайларының бірі – ұлттық табиғи паркте орналасқан. Бірақ бұл мысал ретінде айтылған сөз, мен тағы да қайталаймын, біз бүгін ұлттық табиғи парктің шекарасынан тыс орналастық.

Ал енді Италияны ауызға алған соң, оппоненттеріміздің Еуропадағы тау шипажайларының шығынды болуына қатысты тағы бір аңызды әшкерелегім келеді. Олардың еуропалық шипажайлардың бәрі дерлік шығынды және олар мемлекеттік демеуқаржымен өмір сүреді дегенді қайдан алғаны маған мүлдем түсініксіз. Итальяндық статистикаға сәйкес осы елдегі тау шаңғы индустриясынан түсетін жыл сайынғы салық түсімдері 1 млрд. еуроны құрайды.

– Орхус конвенциясын бұзуды қалай түсіндіресіз?

– Қазақстан 2000 жылы бекіткен Орхус конвенциясын біз бұзды деген пікірге қатысты айтарым: Білмегендерге түсіндіріп кетейін, аталған конвенция қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда қоғамды ақпараттандыру мен оның қатысуын қамтамасыз етуді талап етеді.

2014 жылғы қоғамдық істі тыңдау ұйымдастырушыларына тыңдаудың жосықтық мәселелері мен оны жүргізу регламенттерін бұзды деп кінә тағылды. Бірақ сол кезде ережелерде жарияланым, мәлімдеме және т.б. жасаудың нақты мерзімдері көзделмеген болатын. 2016 жылы қоғамдық тыңдаулар өткізу, қоғамның қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда қатысу және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жариялау ережелеріне сәйкес өзгертулер енгізілді.

Біздің оппоненттерімізді жаңа қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін орны мен күні туралы Орхус Конвенциясы талап еткен мерзімнен бұрын хабарлаймыз деп сендіргім келеді.


Бүгінгі күні Шымбұлаққа тіпті "сол жерден шықпайтындар" да сыймай бара жатыр


– Сіз осындай қатаң қарсылыққа тап болдыңыз. Осының бәрі түкке тұрғысыз емес пе? Күш салатын басқа бағыт жоқ па, қалада бұдан да маңызды шешілмеген мәселелер көп қой?

– Күн сайын көше тазалау мен аула сыпыру бізді оңтүстік астанамызды дамытудың стратегиялық мәселелерін шешуден алыстатпауы тиіс.

Мен жақын арадағы маңызды міндеттердің бірі Алматы қаласының туристік инфрақұрылымын іс жүзінде дамыту болып табылатынына сенімдімін.

Менің туризмдегі жеке жұмыс тәжірибемнен, атап айтқанда, шетелдік туристерді қабылдаудан айтарым: Алматыға қонақтар екі күннен артық уақытқа келген кезде, не істерімізді білмей басымыз қататын. Шолу экскурсиясы, Медеу және Көк базар. Осымен бағдарлама бітетін.

Соңғы жылдардағы өзгеріс те шамалы. Бірақ барлық деңгейде бізге айтылатыны: туризмді дамыту қажет. Және Алматының экономикасы үшін келешегі зор бағыт ретінде туризмді дамыту керек деп анықтаған Бостондық консалтингтік тобы (Boston Consulting Group) да осы пікірді растайды. Айтпақшы, осы туралы McKinsey және басқа да абыройлы халықаралық кеңесшілер мен сарапшылар айтады.

Біз Римде, Лондонда немесе Мәскеуде ғасырлар бойы жасалған нәрсені бірнеше жылда жасай алмаймыз. Ия, бізде ондай артефакттар жоқ, бірақ біздің басқа артықшылығымыз бар, ол — біздің тауларымыз. Біздің қаламыздың орасан зор артықшылығы бір жарым миллиондық мегаполис тура тауда орналасқанында. Әуежайдан "Шымбұлақ" тау шаңғы шипажайына дейінгі қашықтық — қырық минуттық жол, ал Еуропада әуежайдан тау шипажайларына дейінгі жол екі сағат, не одан да көп уақыт алады. Жақын келешекте алматылық әуежайдан, және де қала орталығынан жаңа тау шипажайына дейінгі қашықтық 30 және тіпті 20 минуттан артық уақыт алмайтындай жағдай жасау қолымыздан келеді. Дүниежүзінде тау туризмін дамытудың осындай мүмкіндіктері бар мегаполистер жоқ десе болады.

Бүгінгі таңда Шымбұлаққа жаңадан келушілер, балалар мен шаңғыға тұруды армандайтындар тұрмақ, тіпті "осы жерден шықпайтындар" және жақсы дайындалған шаңғышылар да сыймайды. Шипажайдың ұсынатын қызметтерінің айтарлықтай жоғары бағалары бәсекелестерінің болмауынан деп түсінеміз. Аталған қолайсыздықтар біздің әлеуетті туристтерімізді тау шаңғысымен айналысу мүмкіндігінен толық айырады, немесе оларды шетелдік шипажайларға, соның ішінде көршілес Қырғызстанға ығыстырады. Осы және көптеген басқа факторлар қалаға тағы бір тау шипажайы қажет екендігін аңғартады.

Ақыры біз Қырғызстанды аузымызға алған болсақ, онда біз шипажай керек пе, әлде керек емес пе деп дауласып отырған кезде, біздің көршіміз Қазақстанмен шекаралас аудандарда қазіргі кезде түрлі деңгейдегі 18 (!!!) тау шаңғы шипажайын салып жатқанын айту орынды болар. Өнеркәсіптік экономикасы дамыған Австрия, Андорра, Швейцария сияқты аумағы шағын мемлекеттерде неге шипажайларды көптеп салу туралы шешімдер қабылданып, оны қажет деп санайтындары таң қалдырады. Тұрғындары 6 миллион адамды құрайтын Австрияда ғана 400 астам тау шаңғы шипажайы бар. Қазақстан болса, аумағы бойынша дүние жүзінде 9-шы орын алатын мемлекет, бес жыл бойы екінші әжептәуір тау шаңғы шипажайын салуға шешім қабылдай алмай отыр.

Біз инфрақұрылымы дамыған және табиғат ортасына аралысуы айтарлықтай дүниежүзілік деңгейдегі зәулім және қымбат шипажай салу идеясынан бас тартып отырмыз. Жаңартылған тұжырымдама Көкжайлау үстіртінің аумағына түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуды қарастырады. Жобада шипажайдың жоспарланып отырған бір тәуліктегі өткізгіштік қабілеті 10,5 мың адамнан (2014 жылғы жобада) 3,9 мың адамға дейін (жаңа жобада) қысқартылды, ал трассалардың ауданы мен ұзындығы 3 есе қысқарды. Қарлау жүйесіне арналған үш жасанды су тоғандарының орнына біреу болады. Тұрғындардың барлық санаттарына қолжетімді, қымбат емес, жыл бойы жұмыс істейтін тау шипажайы жобаланып отыр. Ең алдымен бұл қазақстандықтарға арналған шипажай болады. Және басты бағыттарының бірі адамдардың барлық санаты, соның ішінде физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жаяу, экологиялық және танымдық туризмді дамыту болады. "Көкжайлау" шипажайының ландшафты енді бастаған шаңғышылар үшін, ең алдымен балалар үшін трассалар жасауға сөзсіз артықшылық береді. Қала тұрғындары мен қонақтары арасында әйгілі "Көкжайлау" ТШ жаяу соқпақтары сақталып және көркейтіліп қана қоймай, оның үстіне жаңалары да салынатын болады.

Мен тағы да назар аударуды сұраймын: шипажай қала шетінде орналасқан және сондықтан үстірттегі коммерциялық құрылыстың ауданы 44 000 шаршы метрден 4000 шаршы метрге дейін, ең алдымен қонақүйлердің, мейрамханалар мен дүкендердің құрылысын азайтудың есебінен азайтылған, ал виллалар мен кез келген басқа жеке тұрғын үйлер мұнда мүлдем болмайды. Біздің туристер күні бойы тауда болып, тез ғана, 20-30 минут ішінде, қалаға қайтып оралып, түрлі деңгейдегі мейманханаларда демала алады, қаланың кешкі және түнгі өмірімен рахаттана алады. Тауда зәулім сервис инфрақұрылымын салудан бас тарту біз үшін табиғи үстірттің қоршаған ортасына араласу ауқымын азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге "Көкжайлау" шипажайы тұрғындардың тау шаңғысына деген көзқарасын өзгертуі тиіс. Тау шаңғысы "элитаға арналған спорттан" "барлығына арналған спортқа" айналуы тиіс. Қазіргі таңда Австрияда тұрғындардың 90% шаңғымен айналысады, ал Алматыда бұл сан әрең дегенде 10% жетеді. Қазақстан бойынша статистика мүлдем жоқ.

Мені оппоненттеріміздің баяғы бір сайттарда Қазақстан үшін мұнайға тәуелділіктен арылып, табиғи ресурстарды сату есебінен өмір сүруді қоятын кез келді деген "ақылды" мақалаларды оп-оңай жаза беретіні таң қалдырады. Және тура сол автор Алматы қаласында туристік индустрияның даму көзі мен драйвері болуға қабілетті жаңа тау шаңғы шипажайын салуға үзілді-кесілді қарсы болып шығады. Ал бұл болса шикізат экономикасының нақты баламасы.

Менің жақсы көретін қалам базарлар, көтерме базарлар мен сауда орталықтар қаласына айналып кеткені мені бұрын жиіркендіретін. Бірақ қазіргі күні бұл жай ғана эмоциялық қабылдау емес, бұл біздің қоршаған әлеміміз өте жылдам өзгеріп барады дегенді түсіну. Менің немерелерім зат сатып алу үшін өте әдемі және заманауи сауда орталықтарына бармайтыны айдан анық. Интернет-сауданың дәуірі қарқынмен келе жатыр.

Енді қазір біз бөлшек сауда саласында жұмыс істейтін ондаған, бәлкім, жүз мыңдаған алматылықтарды ертеңгі күні қандай жұмыспен қамтитынымызды ойлауымыз керек.

Сервистік экономика ең көп жұмыс орындарын тудырады. Шағын кафе ашудың өзі — жұмыстағы он жұп қол. Осы жайында ойлаңыз.


"Таңқаларлық ешнәрсе болған жоқ"


— Наиль Фаридович, менің байқауымша, Сіз, дегенмен, экологиялық туризмнен Алматының туристік әлеуетінің келешектегі даму негізін көріп тұрған жоқсыз. Бұл шынымен солай ма?

- 2001 жылы мен Алматыда Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) өткізген халықаралық семинарға қатысқан болатынмын. Бізге тіпті оның басшысы Франческо Франжиале мырза да ұшып келген.

Қазақстанның және біздің көршілеріміздің экотуризм саласындағы әжептәуір әлеуеті туралы көп әңгіме қозғалды, бірақ таңқаларлық ешнәрсе болған жоқ. Өткен 17 жыл экотуристтердің ағымы өте аз екенін көрсетті. Және мәселе қонақүйлер мен әуе желілерінде емес, оның бәрі бізде бар. Экотуризмді жақсы көретіндердің саны тау шаңғы мен жағажайлық туризмді жақсы көретіндердің санынан айтарлықтай аз.

Дагмар Шрайбер, экологиялық туризмнің белгілі сарапшысы өзінің Қазақстанға Еуропадан туристтерді тарту бойынша 15 жылдық жұмысының қорытындысын жариялады. Бұл шамамен 1200 адам. Қарапайым есеп жүргізейік және сол кезде Шрайбер ханым біздің елімізге экотуризм бағдарламасы бойынша ай сайын қанша адам әкелетінін түсінеміз. Біздің экологиямызды сүйетіндердің саны айына 6 адам болып шығады. Бұл Шрайбер ханымның шағын бизнесі үшін жақсы, бірақ экотуризмді Алматының туристік индустриясының негізі деп қарастыру үшін түк емес.

Мен жаңа айтып өткендей, мәндік талқылауға ағымдағы жылдың жазында, жобаның жаңартылған ТЭН дайын болғанда оралуға ұсыныс жасаймын. Сіз сияқты, біз де қаламыздың қамын ойлаймыз, Алматыны жан-тәнімізбен сүйеміз және қаланы келешек ұрпаққа ең жақсы қалпында қалдырғымыз келеді. Ортақ бір көзқарасқа келіп, әр алматылықтың мүддесін ескере отырып, оңтайлы шешімдерді бірге іздейік.


Анықтама. Елбасымыз туризмді озық дамудың бір саласы деп белгілеген. Туризм дүниежүзінде экономиканың 10 пайызын құрайды. 2025 жылға дейін Қазақстан алдында ЖІӨ туризмнің үлесін 8 пайызға дейін көтеру міндеті тұр. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Туристік саланы 2023 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы бекітілген, ал оңтүстік астанада туризм экономиканың жаңа драйвері және артықшылығы мол сала, ал тау шаңғы туризмі туризмнің экологиялық түрлерінің бірі деп қарастырылып отырған "Алматы-2020" бағдарламасы жұмыс істейді.