10:00, 17 Шілде, 2018
486 просмотров

ӘКІМДІК ЖАҢА «КӨКЖАЙЛАУ» ЖОБАСЫН ҚОҒАММЕН ТАЛҚЫЛАЙТЫН БОЛАДЫ

Алматының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жайлаубай Ерлан залдан қойылған Көкжайлау жобасының мәртебесі туралы сұраққа жауап беру кезінде қазіргі таңда табиғи-климаттық жағдайларды ескере отырып, курорттың өзінің жаңа техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалу үстінде екенін растады.

«Үлкен жоба болған. Біз оны тоқтаттық. Бұл кезеңде техникалық-экономикалық негіздеме түзетіліп, іс жүзінде жаңа ТЭН дайындалуда. Оның шеңберінде біз ескі жобада қамтылған 200 мың шаршы метр алапта құрылыс салудан бас тартып отырмыз. Төсеу барысында көп ағаштың кесілуіне әкеп соқтыратын көптеген трассаларды салудан бас тартып, 8 мың өсімдіктің шабылуы қарастырылған жолды төсеу мәселесін қайта қараудамыз. Бұл жобаның ағымдағы тұжырымдамасында алынып тасталған мәселелер.

Біз жыл бойы жұмыс істейтін кешен құрып жатырмыз, ол «Просвещенец» демалыс үйінен тарихи қалыптасқан жаяу бағыттарды ескере отырып, қала тұрғындарының жыл бойы арқанды жолмен ғана көтеріліп қоймай, жаяу серуендеуге мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін VIP-курорт емес, қалалық, баршаға қол жетімді курорт болмақ. Бұл түбегейлі өзгерістер экологияға түсетін жүктеме мөлшерін кемітуге мүмкіндік береді. ТЭН жұмысы аяқталғаннан кейін біздің жобалаушыларымызға баға бере алатын экология саласындағы халықаралық сарапшыларды тартатын боламыз», - деді Ерлан Жайлаубай.

Қатысушылар жаңа тау шаңғысы курортының құрылысын барлық алматылықтардың қолдамайтынын, сондықтан жоба бойынша жұмыстарды бастар алдында оның қажеттілігін қоғаммен талқылау керектігін атап өтті. Ерлан Жайлаубай ескі норманы бекіту кезінде ешқандай заңнама нормаларының бұзылмағанын, жаңа жобаны дайындау кезінде де осылай болатынын алға тартты.

«Мен өзім алматылықпын, тауды жақсы көремін. Біз әрқашан диалогқа дайынбыз. Қазіргі таңда бракка шығарылған, бірақ Қазақстанның сол кездегі қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген алдыңғы ТЭН бойынша қоғамға қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы алдын ала хабарлау бойынша нақты регламенттеу болған жоқ. Қазір жағдай өзгерді, «Экологиялық кодекс» қолданыста, Орхусс конвенциясымен үйлестірілген қоғамдық тыңдауларды өткізудің жаңа қағидалары дайындалды. Мен сіздерді жаңа ТЭН-ді дайындағаннан кейін «Экологиялық кодекстің» қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының нормаларына сәйкес барлық кезеңдерді қоғамның қарауына шығаратынымызға сендіргім келеді», - деді Ерлан Жайлаубай.


Дереккөзі: Forbes.kz