10:01, 17 Шілде, 2018
500 просмотров

«КӨКЖАЙЛАУ» КУРОРТЫ ЖОБАСЫН ЖАЯУ ТУРИСТЕРДІҢ ПАЙДАСЫНА ҚАРАЙ ТҮЗЕТУДЕ

«Көкжайлау» курортының жобасына қаланың экологиясына ықтимал әсерді ескере отырып, түзету енгізілмек.

Бұл туралы Бауыржан Байбек 21 ақпандағы халыққа есеп беру кездесуінде хабарлады.

«Қоршаған ортаға кері әсердің барынша азайтылуын басшылыққа алып, «Көкжайлау» жобасына жаяу туризмге басымдық бере отырып, қолжетімді қалалық курорт ретінде өзгерту енгізіледі. Трассалардың ауданы мен ұзындығын кем дегенде үш есеге, коммерциялық құрылыс ауданын 10 есеге қысқарту, ал қармен қамтамасыз етуге арналған көлдердің санын үш көлден бір көлге дейін азайту жоспарлануда. Сонымен қатар, жолдың балама нұсқалары қарастырылуда. Осы іс-шаралардың барлығы кесілетін ағаштар мен бұталар санының айтарлықтай қысқартылуына жағдай жасайды», – деді Бауыржан Байбек.

Оның айтуынша, «Көкжайлау» жобасында жеке меншік коттедждер салу көзделмеген.

«Біз жобаны дайындауға белгілі франциялық PGI жобалау ұйымын қатыстырдық. Курорт құрылысының тәуелсіз сараптамасын әлемнің 11 еліндегі 50 жобаға қатысқан австриялық компания, ал қоршаған ортаға әсерді бағалау жұмыстарын әлемге танымал экологтар жүзеге асыратын болады. БҰҰ-ның Орхус конвенциясының талаптарын ескере отырып, өзгерту енгізу кезеңі аяқталғаннан кейін жоба қоғамның кеңінен талқылауына ұсынылады. Егер қала тұрғындары бұл жобаны қолдайтын болса, біз оны іске асыруға кірісеміз», – деді әкім.


Дереккөзі: Today.kz