10:01, 17 Шілде, 2018
505 просмотров

КРЕАТИВ АҒЫНЫ

Шілде айында Almaty Mountain Resort компаниясы «Көкжайлау» барлық маусымға арналған тау курортының ТЭН-ін дайындаумен айналысатын «жас креативті класс» өкілдері – стартапшылар, кәсіпкерлер, жас ғалымдар мен қала белсенділері үшін есік ашуды жоспарлап отыр, мұндағы мақсат олардың идеялық әлеуетін жобаның мүддесінде тарту және шоғырландыру болып табылады. Бұл үшін компания жобаға қызығушылық танытушылар мен оған қатысуға тілек білдірушілердің бірлескен жұмысына арналған өзіндік алаң – Қалалық Хакатонды өткізуге ниетті.

– Бұл жаңа идея, – деп есептейді Almaty Mountain Resorts бас директоры Наиль Нұров, – мен «Көкжайлаудың» бірегей жоба екендігін бірнеше мәрте атап өттім. Бұл біздің бәріміз үшін үлкен мүмкіндік болғалы тұр. – Қаланың және барлық тұрғындардың мүддесі үшін өркениетті, тиімді әрі нақты жұмыс істейтін пікір алмасу тұғырнамасын қалыптастыру мүмкіндігі. Нақты қалалық белсенділіктің дамуына қуатты серпін беру мүмкіндігі. Біздің қаламыздың дамуын шын жүректен және құштарлықпен бақылайтын, осы дамуға өздерінің үлестерін қосқысы келетін барлық адамдардың сараптамасын, пікірлерін, көзқарастары мен тілектерін ескере отырып, оқиғаға толы, креативті зияткерлік ортаны қалыптастыру және ортақ күш-жігерді жұмылдыра отырып барлық және әрбір адам үшін курорт салу, алматылықтар шын мәнінде қажет ететін кеңістікті құру мүмкіндігі. Негізінде «Көкжайлау» – барлық пікірлер тыңдалуы әрі ескерілуі тиіс тұңғыш маңызды инфрақұрылымдық жоба, тұңғыш қуатты даму қозғаушысы.

«Көкжайлау» курортының жобасы бойынша Қалалық Хакатонды өткізу күні жуық арада жарияланатын болады.