10:00, 17 Шілде, 2018
471 просмотров

АЛМАТЫДА ӘРМЕЗГІЛДІК ТАУ КУРОРТЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«Көкжайлау» курорты барлық маусымда жұмыс жасайды деп жоспарлануда, және ол ең алдымен алматылықтар үшін салынатын болады. Жобаны дайындаушылар «60-20-20: қала тұрғындары – еліміздің басқа өңірлерінен келген қонақтар – шетелдіктер» формуласын таныстырды. Нұров мырзаның айтуынша, «Көкжайлау» қолжетімді болады: «бұл жер қалаға өте жақын орналасқан және қалалықтар мұнда артық ақша төлемей демала алады. Бұл ретте, әркім жазда да, қыста да өзінің жаны қалаған демалыс түрін, соның ішінде әртүрлі деңгейдегі тау шаңғысы трассаларынан бастап сауықтыру зоналарына, жаяу жүргінші маршруттарына, велотуризм мен кең көлемді мәдени бағдарламаға дейінгі ойын-сауық түрлерін таңдай алады. «Көкжайлау» тренд пен моданың, заманауи қажеттіліктердің жаңа орталығына айналады; бұл жоба Алматы қаласын алдағы жылдарда дамытудың өзіндік күретамыры бола алады», - дейді жобаны құрастырушылар нық сеніммен.

Ұсынылып отырған курортты ұйымдастыру тұжырымдамасы бір-бірінен түбегейлі өзгешеленетін, бірақ бір-бірін толықтыратын келесідей 2 сегменттен тұрады: «Долина» сегменті жан-жақты жайластырылады және жылдың 4 маусымында әртүрлі қызметтер көрсетуге дайын болады, ал «Құмбел» орталығы өзінің табиғи, пәк күйін, шытырман оқиғаларды іздеушілер үшін ашықтығын сақтауымен ерекшеленеді. Демалушылар қысқы кезеңді қоса алғанда, қардың бар не жоқ екеніне қарамастан, жалғыз немесе гидтердің көмегімен бір немесе бірнеше күн бойы жаңа әсерлерге кенелетін болады.

– «Көкжайлау» курорты – бұл Алматы қаласының жасыл аймақтары мен саябақтары жобасына енгізе отырып, Қазақстанда тұңғыш рет жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес әрмезгілдік  тау курортын жасаудың бірегей мүмкіндігі. Бұл жерге автомобильмен келуге жол берілмейді, - деп мәлімдеді Нұров мырза. Оның сөзіне сенсек, қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда, келесі жылы жобалық-сметалық құжаттама жасалатын болады, ал құрылыс тек 2020 жылы басталады деп болжам жасалуда.

– Бүгінгі таңда әлемде осыған ұқсас жобалар өте аз, - деді Жайлаубай мырза, - біздің елде болсын, көршілес елдерде болсын, қыста да, жазда да белсенді жұмыс жасайтын және 2 млн адамнан астам халық қоныстанған ірі мегаполиске тікелей жақын орналасқан курорттар жоқ.

Спикерлердің өзіне қарағанда, жобаның құны екі жүз миллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды. Және бұл осыған ұқсас еуропалық курорттармен салыстырғанда, тиімді әрі «мардымсыз» бюджет, алайда оны автоматтандыру процесі әлі аяқталған жоқ. Сондай-ақ жобаны таныстыру барысында «Көкжайлау» жобасының қазіргі конфигурациясының төрт-бес жыл бұрынғы жобаларға еш қатысы жоқ екендігі айтылды.