Көкжайлау үстірті қайда орналасқан?

Бұл – Алматы қаласының оңтүстік шетінде, Іле Алатауы жотасының солтүстік бөктерінде жатқан шатқал. Үстірт Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің арасында, Құмбел шыңының етегінде орналасқан. Географиялық координаттары: 43°04′00″ с. е. 77°10′00″ ш. б.

Бұл жерде қандай жануарлар өмір сүреді?

Үстіртте марал, елік, қабан, қоян, суыр секілді жануарларды кездестіруге болады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлардан тек ғана ақтөс сусар ғана бар.

Қар барысы мен тянь-шаньдық қоңыр аюдың кездестірілгені бір де бір рет тіркелген емес.

Көкжайлау үстірті қар барысы мекендейтін жер болып табыла ма? Оның жоғалып кету қаупі бар ма?

Қар барысы (ілбіс) адам аяғы баспайтын жерлерде мекендеп, көзге көп түсе бермейді. Негізінен барыстар жылы кезеңде жалаң жартастардың арасында мекендейді.

Тек қысқы кезеңде ғана олар төменірек түсуі мүмкін. Бұл аң 4000 метрден 6 000 мметрге дейінгі үлкен биіктікте өзін жақсы сезінеді (есіңізде болсын, Көкжайлау үстірті 2 235 метр биіктікте орналасқан).

Қазақстанда 130-дан астам қар барысы бар. Көкжайлау үстіртінде қар барысының ізі ешқашан тіркелген емес. Жалпы алғанда, Іле Алатауы паркінің аумағында соңғы жылдары қар барысының 3 рет кездестірілгені тіркелді – Ақсай филиалының Қаскелең шатқалында және Медеу филиалының Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде.

Бұл жерде өсімдіктердің қандай түрлері өседі?

Көкжайлаудың өсімдіктері - бұл күңгіртқылқанды шыршалы ормандар мен селдір тоғайлар, қайыңды және көктеректі-қайыңды жапырақты ормандар, бұталы тоғайлар, альпілік және субальпілік шалғындықтар, сондай-ақ қыр далалар.

Іле Алатауының тауларында өсімдіктердің 5 түрі кең таралған: ағаш, бұталы, шалғындық шөптес, далалық шөптес, төмен жартылай бұталы және жартылай бұталы өсімдіктер.

Ағаш өсімдіктері екі түрден тұрады. Бұл күңгіртқылқанды шыршалы және жапырақты ормандар. Шыршалы ормандар таралу аймағы Тянь-Шань тауларымен шектелген Шренк шыршасы не тянь-шань шыршасы (Piceaschrenkiana) секілді реликті түрлерден құралған. Орманның жоғарғы шекарасында Қазақстан өсімдіктерінің Қызыл кітабына енгізілген жатаған түрлі шырша кездеседі. Жатаған түрі бұл өсімдіктің тік өсетін өсімдік түрлері үшін қолайсыз экстремалды жағдайларда өсуге бейімделгенін білдіреді.

Жапырақты ормандар кең таралмаған. Бұл жерде олар өзен аңғарларымен шектесіп жатқан тау бөктерлерінде кездеседі. Басым көпшілігі қайыңды ормандар (Betulatianschanica), көктеректі-қайыңды ормандар (Betulatianschanica, Populustremula) мен көктеректі ормандар (Populustremula) сирегірек кездеседі.

Бұталы өсімдіктер бар аумақта таралған. Биік таулы жерлерде арша тоғайлары (Juniperuspseudosabina, J.sаbina) басым. Шырша ормандарының арасындағы алңқайларда тобылғы (Spiraea tiansсhanica, S. hypericifolia, S. lasiocarpa), итмұрын (Rosalaxa, R. playacantha), ырғай (Cotoneastermultiflorus, C.alatavica) және бөріжидек (Loniceraaltmanii, L.karelinii) кездеседі. Өзен алқаптарында бұталы талдар (Salixcaesia, S. karelinii), қарақат (Ribes meyeri) және бөріқарақат (Berberisheteropoda) өседі.

Шалғындық шөптес өсімдіктер кішкене Көкжайлау тау аңғарының бар бетін алып жатыр десе де болады. Бұл жерде дәнді өсімдіктердің суыққа төзімді түрлері (Festucaalatavica, Poacalliopsis, P. alpina, Anthoxanthum alpinum,Phleum alpinum, Deschampsia caespitosa), ұйпабас (Eriophorum scheuchzeri), қияқ (Carexpamirensis, C. tianschanica) және сан түрлі шөптер (Leontopodiumcampestre, Geraniumsaxatile, Alliumschoenoprasum, Goodyera repens, Polygonumalpinum, Polygonumnitens, Delphinium dasyanthum, Oxygraphis glacialis, Ranunculus gelidus, Thalictrum аlpinum, Saxifraga hirculus, Sanguisorbaalpine, Primulaalgida, Gentianaalgida, Aster alpinus), сондай-ақ қазтамақтар (Geranium рratense, G. Rotundifolium) мен уқорғасын шалғындары (Aconitum leocostomum, A. rotundifolium, A. songoricum) көптеп кездеседі.

Көкжайлау үстіртінде Сиверс алма ағашы өсе ме?

Иә, бұл жерде қазіргі 5000 астам алма сұрыптарының негізін қалаған атақты Сиверс алма ағашы өседі.

Құрылыс барысында Қызыл кітапқа енгізілген ағаштар мен өсімдіктер шынымен-ақ жойыла ма?

Курорттың құрылысына дайындық барысында үстіртте өсетін Қызыл кітапқа енгізілген ағаш есепке алынып, тіркеледі. Курортты жобалаған кезде әзірлеушілер Қызыл кітапқа енгізілген ағаштар өсетін жерлерді айналып өту үшін бар шараларды қабылдайтын болады. Егер бұл негізді себептерге байланысты мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының заңнамасы қарастырған барлық шаралар жасалатын болады.

Үлкен Алматы шатқалынан Көкжайлау үстіртіне қалай жетуге болады?

Жүру бағыты мынадай: экологиялық бекеттен кейін солға бұрылып, көпір арқылы «Көкшоқы» кенті мен Терісбұтақ өзенінің шатқалына қарай жүру керек. «Құмбел» отеліне дейін көтеріліп, содан кейін шатқалдың бойымен соқпақ жолмен аяғына дейін – Көкжайлау үстіртіне дейін көтерілу керек. Көтерілетін жол қиын емес әрі жадағай, бірақ бұл ең ұзақ жол (2-4 сағатқа созылады). Онымен төмен түскен жақсы. Навои көшесімен экологиялық бекетке дейін № 28 автобус жүреді.

Көкжайлау үстіртіне Медеу шатқалы жағынан Горная көшесімен өалай жетуге болады?

Ең танымал жүру бағыты – «Просвещенец» демалыс үйінен басталады: «Просвещенец» ДҮ дейін №12 автобуспен жетуге болады. Асфальт жолмен оның аяғына дейін жүру керек. Содан кейін қара жолмен кішкене елді мекенге дейін жүресіз. Елді мекеннің шетінде солтүстік-батыс бағытта жақсы тапталған соқпақ жол жатыр, осы соқпақ жол үстіртке әкеледі. Бұл жолмен 1,5-3 сағат уақыт кетеді.

Көкжайлау үстіртіне Каменка үстірті жағынан қалай жетуге болады?

Каменка үстірті жағынан жүру бағыты: №5 автобуспен ақырғы аялдамаға дейін жету керек («Ақ қайың» шипажайы). Санаторийге кіреберістен ҚР Ғылым Академиясының Астрофизика Институтына қарай жүру керек (Каменка үстіртінің обсерваториясы). Бұл жерден жотаның бойымен жоғары қарай оңтүстік-шығыс бағытта жүру керек. Жолға 1,5-3 сағат уақыт кетеді.

«Просвещенец» демалыс үйі –«Үш ағайынды» – Құмбел шыңы бағыты бойынша жаяу көтерілгенде қандай қашықтықты жүріп өту керек?

«Үш ағайынды» жартастары – «Құмбел» шыңына дейінгі бағыт: «Просвещенец» демалыс үйі (1593 м) – Көкжайлау үстірті (2244 м) – «Үш ағайынды» жартастары (2846 м) – Құмбел шыңы (3185 м).

Көкжайлау үстіртіне дейінгі қашықтық 4,3 км, көтерілетін биіктік 651 м.

«Үш ағайынды» жартастарына дейінгі қашықтық 7,36 км, көтерілетін биіктік 1253 метр.

Құмбел шыңына дейінгі қашықтық 9,09 км, көтерілетін биіктік 1592 м.

Көкжайлауға бару үшін қаланың ортасынан автобус бағыттары қарастырылған ба?

Қоғамдық көлікте Көкжайлау үстіртіне дейін жету бүгінгі күні мүмкін емес. Қазір тек жаяу көтерілуге ғана болады. Ерекше жағдайларда, арнайы рұқсаттар алып, Көкжайлауға көлік-арбамен, квадроциклдермен және жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдермен көтерілуге болады.

Жаяу көтеріле бастайтын жерлерге қалай жетуге болады?

Көкжайлау үстіртіне жаяу көтерілудің ең танымал бағыты «Просвещенец» демалыс үйінен басталады, оған бәрінен де №12 автобуспен жеткен ыңғайлы, аялдамасы Абай және Достық даңғылдарының қиылысындағы «Қазақстан» қонақ үйінің қарсы бетінде.

Көкжайлау үстіртіне барғанда қандай қауіптерді кездестіруге болады?

Көкжайлау үстіртіне кез-келген дені сау адам жас шағынан-ақ бара алады деп саналады. Алайда, бірқатар созылмалы аурулары бар адамдар үшін тау басына шығу қауіпсіз емес екенін білген жөн.

Көкжайлауға Медеу шатқалы жағынан көтерілуі қиынырақ әрі дене дайындығы нашар туристер үшін, сондай-ақ артық салмақты адамдар, артериялық қысымы бұзылған және қарт адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін. Көкжайлау үстіртіне дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар аяқ баса алмайды десе де болады.

Көкжайлау көтерілетін адамдардың барлығы үшін ең үлкен қауіп төндіретін - энцефалиттік кенелер.

Кенелер қандай уақытта ең қауіпті және Көкжайлауға көтерілген кезде кенелерден қалай қорғануға болады?

Кенелер әдетте наурыз айының ортасында оянады. Күн жылыған кезде, ауа-райына қарай кенелер әдеттегіден ерте оянуы мүмкін. Кененің аса қауіпті кезеңі маусым айының ортасына дейін созылады.

Кенелер өте қауіпті аурулар – энцефалиттің, қырым геморрагиялық қызбасының, иксодтық боррелиозды жұқтырушылар болып табылады.

Ең қауіпті кезеңде (сәуір-мамыр) тау басына шығуға дайындалғанда, мықты жабық аяқ киім кию қажет. Шалбардың балағының төменгі жағында аяқты қысып тұратын рәзіңке болуы керек, не шалбардың балағын қалың шұлықтың ішіне салу керек. Денені түгелімен киіммен жабу керек. Болонья не сол секілді маталардан тігілген сырт киім киген бәрінен де дұрыс болады, өйткені кененің мұндай киімге жабысып алуы қиын. Ақшыл түсті киімді таңдауға тырысыңыз, себебі қара түсті кенені қара түсті киімге қарағанда, ақ түсті киімнен байқаған оңайырақ болады.

Көтерілген кезде сырт киімді, жейдені не футболканы рәзіңкесі бар не белбеумен буылған шалбардың ішіне салып, жеңдегі түймелерді түгел түймелеу керек. Жәндіктердің шағуынан қорғайтын жақпа майлар бар болса, дененің ашық жерлеріне, жағаға, шұлықтың үстіне жағу керек.

Кенелердің таңертең және кешке барынша белсенді болатынын есте сақтау керек. Аптап ыстықта не қатты жауын кезінде кенелердің белсенділігі төмендейді.

Кененің шаққандығы сезілмейді десе де болады: кене жараға ауырсынуды басатын зат енгізеді. Көп жағдайда кене қолтық астына, мойынға, құлақ артындағы теріге, шаптың маңайына қадалады, бірақ кез-келген басқа жерге де жабысуы мүмкін. Кене киімнің астына кірген кезде, адамды бірден шақпай, денеде біраз уақыт жүріп, ыңғайлы жер іздейді. Егер адам өзіне әрбір бір жарым-екі сағатта көңіл бөліп, киімі мен денесінің ашық жерлерін мұқият тексеріп отырса, онда теріге қонған кенені сезініп, уақытында алып тастауға болады.

Міндетті түрде энцефалитке қарсы вакцинаны егіңіз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: денеге жабысқан кенені жаншуға не бірден жұлып алуға болмайды. Бәрінен де әдеттегі жағдайларда кенеге тиіспей, қалаға оралып, дәрігерге көрінген жөн.

Көкжайлау үстіртінде жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік өсімдіктер жинауға бола ма және қашан жинауға болады?

Дәрілік шөптерді, гүлдерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды тек Іле Алатауы ұлттық паркінен арнайы рұқсат (орман билетін) алғанда ғана жинауға болады. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді жинауға қатаң тыйым салынған.

Үстіртте от жағуға бола ма?

Тек арнайы белгіленген жерлерде ғана от жағуға болады.

Көкжайлау үстіртінде аң аулау мен балық аулаудың қандай түрлері және қашан рұқсат етілген?

Бұл жерде аң аулау мен балық аулаудың кез-келген түрлеріне жыл бойы тыйым салынған.

Үстіртке әрдайым баратын адамдардың ерекші дәстүрлері бар ма?

Бүгінгі күні біз Көкжайлауға барушылардың арасында қалыптасқан қосалқы мәдениет туралы айта аламыз. Туристердің арасында қоқысты өздерімен алып кету, соқпақ жолда тіпті таныс емес адамдармен амандасу дәстүрге айналды.

Көкжайлау үстіртіне жылдың қай мезгілінде көп көтеріледі?

Көкжайлау үстіртіне көтерілу үшін ең жақсы маусым мамыр айынан қараша айына дейінгі кезең болып табылады. Бірақ тіпті бұл уақыттың өзінде де жауынсыз, ашық күні көтерілуді жоспарлаған абзал.

Көкжайлау үстіртіне жыл сайын қанша турист көтеріледі?

2017 жылы жазғы демалыс күндері көтерілгендерді бақылау «Просвещенец»–«Көкжайлау» – «Алмарасан» бағыты бойынша сенбі күні 400 және жексенбі күні 300 жуық адам көтерілетінін көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, 2017 жылы үстіртке көтерілген туристердің саны 40 000 адамды құрады.

Көкжайлау үстіртінде су, бөтелке құйылған сусындар, азық-түлік, туристік керек-жарақтар және т.б. сатып алуға бола ма? Үстіртте қоғамдық тамақтанатын орындар, сондай-ақ түнеуге арналған қонақ үйлер, хостелдер, орман ішіндегі үйлер бар ма?

Бүгінгі күні Көкжайлау үстіртінде ешқандай сервистік қызметтер жоқ.

Үстіртке жаяу шыққан кезде тамақтың қалдықтарын және басқа да қоқысты қайда тастауға болады?

Бар қоқысты өзіңізбен бірге алып кету керек.

Үстіртке көтерілетін бағытта ұялы байланыс жұмыс істей ме?

Көкжайлауға көтерілетін бағытта, сондай-ақ үстірттің өзінде тұрақты ұялы байланыс жоқ.

Көкжайлау үстіртінде жедел медициналық көмек көрсетітін орындар бар ма?

Жоқ.

Үстіртке бару үшін арнайы рұқсат етуші құжаттар, лицензиялар, жолдамалар, кіру билеттері керек пе?

Жоқ.

Алматы қаласына тағы бір тау шаңғы курортының керегі не? Бұл ақшаны аууханалар мен балалар бақшасын салуға немесе, мәселен, Алматының үстінде түтін бұлтын туғызатын кәсіпорындарды қаладан басқа жерге көшіруге жұмсаған дұрыс болмас па еді?

«Көкжайлау» ТК тек тау шаңғы курорты ғана болып табылмайды. Бұл әртүрлі белсенділіктері бар, соның ішінде тау шаңғы бөлігінен тұратын жыл бойғы тау курорты болып табылады.

Ауруханалар мен балалар бақшасын салу, Алматының үстінде түтін бұлтын туғызатын кәсіпорындарды қаладан басқа жерге көшіру қала үшін маңызды екені сөзсіз. «Көкжайлау» үстіртінде тау курортын салу ауруханалар мен балалар бақшасын салуды жоққа шығармайды, оларды қарсы қойып салыстыру дұрыс емес.

Қаланың үйлесімді дамуы үшін қала тұрғындарының салауатты өмір салты үшін жағдай жасау да маңызды болып табылады. «Көкжайлау» ТК Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының бос уақытына арналған кешен болып табылады. Барлық тілек білдірушілер, соның ішінде кішкене балалар, қарт адамдар, мүгедектер курорттың аумағында серуендеп, таза тау ауасымен дем ала алады, тамаша табиғат көріністерінен ләззат алып, тау ішінде тыныштықта дем ала алады. Белсенді адамдар үшін курорт көптеген маусымдық бағыттағы белсенділіктерді ұсына алады: шаңғы тебу, сноуборд тебу, шанамен, баллондармен сырғанау, тау велосипедтеріне арналған трассалар, атпен серуендеу, парапланеризм, жасанды көлдегі су белсенділіктері, кемпинг, балалар мен отбасы ойын алаңдары. Қазіргі жаяу көтерілетін соқпақ жолдар жақсартылып, жаңа жолдар салынады.

Бірнеше жыл бұрын Жоба қоғамдық пікірдің қатты қарсылығына душар болып, тоқтатылса да, дәл себептері көрсетілмеген болатын, неге сол кезде осындай шешім қабылданды?

2014 жылғы «Көкжайлау» ТШК салу жобасы дамыған инфрақұрылымы бар әлемдік деңгейлі заманауи курорт салуды және «Көкжайлау» үстіртінің айтарлықтай бөлігіне құрылыс салуды қарастырған болатын. Ол жобаны әзірлеген кезде бағдар ретінде Еуропа мен Солтүстік Американың «люкс» деңгейлі үздік курорттары алынды. Шаңғы тебуге арналған үлкен аудан, арқанжолдардың үлкен саны, әрі соның нәтижесінде, курорттың күніне 10 000 адамға дейінгі үлкен сыйымдылығы жоспарланды. Коммерциялық құрылыстардың үлкен ауданы, соның ішінде желілік отельдер, мейрамханалар, дүкендер, сондай-ақ алты жарым мың орынға арналған альпілік ауыл жобаланды. Басты клиенттік топ ретінде қиыр және таяу шетелден келген төлем төлеуге қабілетті туристтер қарастырылды.

Бұл жоба қоғамдық пікірдің қатты қарсылығына тап болып, соған байланысты 2015 жылы Алматы қаласының әкімдігі Жоба оппоненттерінің дәлелдерін мұқият зерттеу және жобалық шешімдерді жұртшылықтың пікірін ескере отырып оңтайландыру мақсатында Жобаның жұмыстарын, сондай-ақ «Көкжайлау» тау шаңғы курорты» ЖШС қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Жаңартылған жобада, бірінші кезеңте, курорттың тұрпаты өзгертілді. Халықтың бар топтары қол жеткізе алатын қымбат емес, жыл бойғы тау курортын жобалау ұсынылып отыр.

Жобаны әзірлеушілер инфрақұрылымы дамыған және табиғи ортаға айтарлықтай қол сұғылатын әлемдік деңгейлі ірі және қымбат курорт салу ойынан бас тартып отыр. Жаңартылған тұжырымдама Көкжайлау үстіртінің аумағына жүктемені елеулі түрде азайтуды, ағаштарды барынша аз шабуды, сондай-ақ жаяу, экологиялық және танымдық туризмді басым дамыта отырып, курорттың жыл бойғы жұмыс істеуін қарастырып отыр.

Жобаны жүзеге асыруға қайта оралу ойы неге қазір пайда болды? Әлемдік сарапшылар әлемдік қаржылық дағдарыстың жаңа, одан да күшті ағынының пайда болу мүмкіндігі, мемлекетік және бизнес-сектордағы жауапты да ұтымды экономикалық басқару туралы айтып отыр. Тау курортын салу үшін қазір шынымен де ең жақсы уақыт па?

Қазіргі уақытта тау туризмінің даму болашағы бәрінен де зор. Францияның ЖІӨ оннан артық бөлігін туризм құрайды. Италияның туризмнен алатын жыл сайынғы табысы он миллиард долларға жуық соманы құрайды, солардың ішінде бір миллиарды – бұл тау шаңғы туризмінің үлесі. Алматы қаласының ғаламдық артықшылығы бір жарым миллиондық мегаполистің тау ішінде орналасуы болып табылады. Әлемде тау туризмін дамытуға мұндай мүмкіндіктері бар мегаполистер жоқтың қасы десе де болады.

2006 жылдың өзінде-ақ Алматы қаласында тау туризмін дамытудың болашағын бағалаған кезде отандық сарапшылар да, шетелдік сарапшылар да жаңа тау курортын салу үшін бар жағынан ең қолайлы жер «Көкжайлау» үстірті деп бірауыздан анықтаған болатын. Тау курортын салу бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, соның ішінде аймақ экономикасының туристік секторын дамытуға, сонымен қатар жүретін экономикалық белсенділіктің өсуіне, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және оның табыстарына, қосымша жұмыс орындарын құруға оң әсер етеді.

Курорт салу неге «Көкжайлау» үстірті таңдалды?Алматы қ. айналасында қаладан жетуге одан да оңай тау бөктерлері жеткілікті. «Көкжайлау» ТК салынған жағдайда оған жету мәселелесі қалай шешілетін болады?

2006 жылдың өзінде-ақ Алматы қаласында тау туризмін дамытудың болашағын бағалаған кезде отандық сарапшылар да, шетелдік сарапшылар да жаңа тау курортын салу үшін бар жағынан ең қолайлы жер «Көкжайлау» үстірті деп бірауыздан анықтаған болатын.

«Көкжайлау» курортының бірегейлігі оның қала шегінде орналасуы болып табылады. Қаланың орталығынан курортқа жету үшін кететін уақыт 30 минуттан аспайтын болады. Яғни, туристер қалада түнеп қалып, мегаполис ұсына алатын туристік, сервистік қызметтердің бар түрін ала алады. Тау ішінде үлкен сервистік инфрақұрылым салудан бас тарту мүмкіндігі табиғи ортаға қол сұғудың көлемін елеулі қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Көкжайлау» үстірті қазірдің өзінде-ақ туристер барғанды жақсы көретін жер болып табылғандықтан да ол курорт салу үшін таңдалды. Қазір үстіртке баруға әрбір алматылықтың мүмкіндігі бола бермейді. Қалалық әкімшіліктің мақсаты арқанды-гондольды жолмен бұл аумаққа халықтың бар топтарының және әртүрлі жас топтарының, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бару мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады.

Аумақты кешенді бағалау тау шаңғы инфрақұрылымын ғана емес, сондай-ақ әрекетті де, әрекетсіз де демалыс үшін өзге де қызмет түрлерін дамыту үшін оңтайлы теңгерімді көрсетті.

«Көкжайлау» тау курортын салу қажеттілігі неге негізделген?

Алматыдағы және оның айналысындағы «Шымбұлақ», «Ақбұлақ», «Табаған», «Алматау» секілді және бірнеше басқа тау курорттары екі миллионға жуық халқы бар мегаполистің тау туризмі мен тау шаңғы спортының әуесқойларының өсіп келе жатқан санына шамасы келіп отырған жоқ.

Бүгінгі күні тау туризмі әлемдегі туристік индустрияның ең ширақ дамып келе жатқан саласы болып табылады. Тау туризмі қаламыздың экономикасының өсуінің жаңа драйвері және туризмнің ең экологиялық түрлерінің бір ретінде қарастырылады. Беделді халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, таулар – бұл Алматы қаласының бренді және басты бәсекелік артықшылығы. Көжайлау үстіртіндегі жаңа жобаланып отырған курорттың басқа да артықшылықтары мыналар болып табылады: шамамен 6 айды құрайтын шаңғы тебу маусымының ұзақтығы, қар сапасы- ол құрғақ әрі жеңіл, сондай-ақ қардың жоғары орташа жылдық мөлшері (5 метр), жылына 300 жуық шуақ күн және бос уақытта көңіл көтеру үшін дамыған инфрақұрылымы бар Алматы мегаполисіне тікелей жақындығы (қаланың ортасынан 30 минут).

Біздің қаламызды қысқа Олимпиада Ойындарын ұйымдастыруға үміткер ретінде мәлімдеген жағдайда Алматы қаласының бәсекелік артықшылығын қолдау үшін Алматы өзінің спорттық инфрақұрылымын нығайтуы қажет.

Іле Алатауының ең әдемі жерлерінің бірі бола отырып, қала шегінде орналасқан Көкжайлау үстірті қазіргі түрінде қол жетімділігі төмен жер болып табылады. Үстіртте арқанжол құрылғысы бар жаңа курортты ұйымдастыру Көкжайлау үстіртін оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарынің белсенді дем алуы үшін ең көп баратын жерінің бірі жасайды. Жаңа курорт экологиялық, тау, балалар, этникалық туризмді дамытудың ұлттық орталығы болады.

Егер 2017 жылы Көкжайлау үстіртіне 40 000 жаңа турист барған болса, онда «Көкжайлау» тау курортын пайдалануға енгізген бірінші жылдың өзінде-ақ барушылардың саны жылына 1 млн. дейін өседі, бұл Көкжайлау үстіртін Медеу, Бурабай, Баянауыл және Түркістен секілді жаңа ұлттық туристік брендке айналдырады.

«Көкжайлау» айналысында көптеген қарама-қайшы пікірлер бар, солардың көбісі әжептәуір дәлел келтіреді. Өкімет оппоненттердің пікірін ести ме ? Жобаны әзірлеген кезде олар қалай ескеріледі? Тиісінше сұхбат жүргізіле ме?

Жұртшылықпен диалог жүргізілетіні сөзсіз. Ағымдағы жылдың 21 ақпанында дөңгелек үстел жүргізіліп, онда жұртшылыққа жаңартылған ТЭН негізгі қағидалары мен параметрлері көрсетілді. Соңғы уақытта «AlmatyMountainResorts» ЖШС-ға (ТЭН әзірлеуші) 2014 жылғы Жобаның параметрлеріне, төрт жыл бұрын ескірген, жай сөзбен айтқанда, қазір мүлде жоқ параметрлерге негізделген көптеген наразылықтар мен айыптар тағылып отыр. Сонымен бірге, «AlmatyMountainResorts» ЖШС директорымен бірқатар жарияланымдар мен сұхбаттар жарияланды, онда «Көкжайлау» тау курортын салу Жобасының барлық мәселелі сұрақтары ашылып көрсетіледі.

Жобаны әзірлеушілер оппоненттердің барлық дәлелдерін тыңдады және жаңа техникалық-экономикалық негіздеме халықтың бар топтары қол жеткізе алатын қымбат емес жыл бойғы тау курортын жобалауды қарастырып отыр.

Курорт тек таң шаңғы курорты бола ма әлде жыл бойғы курорт бола ма?

Болашақ курорттың белсенділігі әрмезгілдік болады деп күтіліп отыр – тау шаңғы трассалары, баллондарда сырғанауға арналған аймақ, тау велосипедіне арналған трассалар, трекинг, жасанды көлдегі су белсенділігі, дельтапланеризм және тағы тағылар.

Қысқы мезгілде - тау шаңғы спорты, сноуборд, шанамен (баллонмен) сырғанау, жаяу серуендеу үшін эко-жолдар. Жазғы кезең үшін жобаланып отырған ұсыныстар – тау велосипедтерімен түсуге арналған трассалар кешені, кэмпингке арналған аймақтар, су аттракциондары, көктемгі және күзгі кезең үшін – жаяу серуендеуге арналған эко-жолдар, атпен серуендеу, дельтапланеризм.

Жобаны жүзеге асыру үшін тікелей жауап беретін жауапты тұлғалар, басқарушылар мен менеджерлер кім? Оларға неге сенуге болады?

Әзірленіп отырған ТЭН-де курортты басқарудың ұйымдастыру үлгісі ұсынылатын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін тікелей жауап беретін жауапты тұлғалар, басқарушылар және менеджерлер ТЭН мен Жобаның ЖСҚ әзірленгеннен кейін анықталатын болады.

Бүгінде «Көкжайлау» ТК жобалау және салу бойынша жұмысты ұйымдастырумен Алматы қ. туризм және сыртқы байланыстар басқармасы айналысады.

Мемлекеттік сатып алу жарысының қорытындысы бойынша ТЭН әзірлейтін компания анықталды - «AlmatyMountainResorts» ЖШС.

Қандай шаралар кешені мен жағдайлар сыбайлас жемқорлық факторын толық, мүлде жоққа шығаруға кепілдік береді? Бұрын әрбір аты шулы құрылыс жобасынан кейін лауазымды тұлғалар тұтқынға алынушы еді, қазір неге олай болмайды?

Сыбайлас жемқорлық факторын толық, мүлде, сөзсіз жоққа шығаруға кепілдік ететін шаралар кешені – Қазақстан Республикасының заңдарын орындау.

Жобаны әзірлеушілер де, кейін «Көкжайлау» тау курортының құрылысшылары да Қазақстан Республикасының бірыңғай құқықтық өрісінде тұр және ешқандай артықшылықтары жоқ, соның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерінен босатылмйды, салық және өзге де жеңілдіктері жоқ.

Әдеттегі қала тұрғындары үшін курортқа барудың құны қанша болады? Қазіргі алматылық курорттардағы тау шауғы спортының бағасын көптеген алматылықтардың қалтасы көтере бермейді…

Баға саясаты ТЭН әзірлегеннен кейін бекітілетін болады, бірақ қазірдің өзінде-ақ «Көкжайлау» ТК-ғы баға қазіргі курорттардың бағасымен бәсекелесе алады деп алдын ала айтуға болады.

Өйткені курорт әлеуметтік мақсаттағы нысан болып табылады, келушілер үшін кіру билетінің құны оның халықтың бар топтары үшін қолжетімді болуын қарастыруы керек.

Үстіртте жазғы су белсенділіктері қарастырылатын бола ма?

Қармен қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі үшін Көкжайлау үстіртінде жасанды көл құрылып, онда су жиналатын болады. Бұл көлдің сыйымдылығы шамамен 100 000 м3 құрайды.

Жазғы кезеңде бұл көлде жағажай және әртүрлі су аттракциондарын құру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар келушілер үшін белсенді демалыстың ауқымды бағдарламасы қарастырылып отыр: жаяу жүру бағыттары, "скандинавиялық жүріс", тау басына шығу, жартасқа шығу, атпен серуендеу, дельтапланеризм, тау велосипеді, арқан паркі, балалар алаңы, кемпинг, балалар туристік лагері.

Жайбарақат демалыс әуесқойлары үшін Сирек кездесетін өсімдіктер бағын және жазғы амфитеатр құру жоспарланып отыр.

«Көкжайлау» тау курорты балалармен демалуға жарай ма?

«Көкжайлау» тау курорты отбасымен демалуға арналған тамаша жер болады. Тау шаңғы трассалары балалардың да, қарт адамдардың да қауіпсіз шаңғы тебуі және дене белсенділіктерін ескере отырып салынатын болады. Әрмезгілдік отбасы белсенділігі үшін жаяу серуендерге, атпен серуендеуге арналған жолдар қарастырылатын болады.

Жобаланып отырған курортта дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін демалу мүмкін бола ма?

«Көкжайлау» тау курорты құрылысының жобасы бұл аумаққа халықтың бар топтарының және әртүрлі жас топтарының, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізе алуын қарастырып отыр.

Бұл қолжетімділік ең алдымен гондольды-арқанды жолдың және креслолы жолдардың көмегімен қатамасыз етілетін болады. Гондольды жолдар міндетті түрде мүгедектер арбаларына арналған, көзі нашар көретін туристерге арналған құрылғылармен жабдықталатын болады. Курортта әрбір үй-жайлардың алдында арнайы пандустар қарастырылатын болады.

Аз қозғалатын адамдар тауға шығып, дем алып, Көкжайлаудың бар сұлулығы мен қаланың кең көлемді көрінісін көре алатын болады. Сонымен бірге, таза тау ауасы БЦС ауыратын адамдар үшін жағымды әсер ететін болады.

Курорттың әлеуметтік бағдарламасы қандай? Тегін юниорлар мектептері, спорт клубтары, дарынды жастарға және әлеуметтік қорғалмаған топтарға арналған бағдарламалар бола ма?

«Көкжайлау» қалада өте танымал болған «Спорттық Алматы» бағдарламасын дамыту үшін негіз ретінде қарастырылып отыр. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынш бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Спорттық Алматы» тау шаңғысымен сырғанау негіздеріне үйрету бойынша қалалық бағдарламаларды жүзеге асырды, оған бұл жылы 9000 бала қатысты. Екі жарым жылдан кейін «Көкжайлау» ТК бірінші кезегі іске қосылып, бұл сан айтарлықтай өседі деп жоспарланып отыр.

Сонымен бірге, «Көкжайлау» курорты көптеген қалалық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері, әртүрлі меншік түріндегі спорт клубтары үшін, соның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылардың қалалық клубы үшін негіз болады.

Шағын және орта бизнеске курортта жұмыс істеуге кіру қамтамасыз етілетін бола ма? Егер қамтамасыз етілетін болса, бұл қалайша іске асырылады? Кім және қандай механизм арқылы тиісінше шешімдер қабылдап, нақты бәсекелестікті қамтамасыз етеді және баға белгіленімін реттейді?

«Көкжайлау» жобасының бизнес-мүмкіндіктері оның аумағынан едәуір кең. Тау курорттарының айналасында, көлік тораптарының жанында, қаланың кез-келген бөлігінде қонақ үйлер, мейрамханалар, мамандандырылған дүкендер салуды, ең бірінші кезекте тау туристерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған қосымша сервистер көрсетуді жоспарлаған жөн.

ШОБ қала үшін үлкен маңызын ескере отырып, бұл секторға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Алматы қ. әкімдігінің жанында ШОБ барлық қауымдастықтарын біріктіретін Іскерлік кеңес тиімді жұмыс ітеуде.

Курорттың аумағындағы кәсіпкерлік қызметті бекітілген тұжырымдама мен ҚР заңнамасының аясында ТК Операторы реттейтін болады.

Көкжайлау үстіртінде курорт салған кезде жаяу жүргіншілер бағыттары сақталатын бола ма?

Қазіргі күнгі жаяу жүретін соқпақ жолдар сақталып қана қоймай, олар жақсартылатын да болады. Көтерілуге қиын жерлерде баспалдақтар мен таяныштар пайда болады. Ұйымдастырылған туристік тұрақтар мен әртүрлі аялдайтын орындар құрылып, онда медициналық пунктер орналастырылады, қоқыс салатын сауыттар және қоғамдық дәретханалар қойылады, бұл аумақта тазалық пен тәртіпте сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңа жаяу жүруге арналған бағыттар құрыла ма?

Иә, дайындығы мен дене мүмкіндіктері әртүрлі жүргіншілер үшін жаңа жаяу жүруге арналған бағыттар құрылатын болады.

Курортта тау велосипеді үшін трассалар құрылатын бола ма?

Иә, мұндай трассалар құрылатын болады. Олар жаңадан велосипед тебе бастағандарға арналған трассалардан бастап, олимпиадалық деңгейдегі трассаларға дейінгі қиындық деңгейі әртүрлі трассалардан тұрады.

Велосипед әуесқойлары Құмбел шыңынан қаланың кез-келген бұрышына дейін түсе алады.

Шатырлы қалашықтарды орналастыру үшін арнайы аймақтар құрылатын бола ма?

Иә, мұндай аймақтар ұйымдастырылатын болады.

«Көкжайлау» курортының қазір жұмыс істеп отырған курорттар мен демалыс орталықтарынан қандай айырмашылығы болады? Ол қалай таңғалдыра алады?

Курорттың айрықша ерекшелігі оның қолжетімділігінде болады. «Көжайлау» ТК бірегейлігі оның Алматы қаласының шегінде тұратынында және тамаша көріністік сипаттамаларының бар екенінде жатыр. Арқанжолдың базалық бекеті әуежайдан және/не қаланың орталығынан 30 минуттық жолда тұратын болады. Трассаларды жобалаған кезде жаңадан шаңғы тебе бастаған шаңғышылар мен балаларға көзделген «жасыл» трассаларға артықшылық беріледі.

Курорттың қонақтары, егер көңілдері қаласа, бір күннің ішінде «Көкжайлау» ТК-ның жеңіл трассаларында да, азғантай жол жүріп, Шымбұлақтың қиын трассаларында да шаңғы тебе алады, сондай-ақ «Медеу» биік таулы мұз айдынына да бара алады.

Көкжайлау таулы курортында шаңғы тебу маусымы қашан басталып, қашан аяқталады?

Ауа-райына қарай шаңғы тебу маусымы қараша айының екінші жартысынан басталып, сәуір айының басында аяқталады.

Трассалардың қандай пайызы жасанды қармен қамтамасыз етіледі?

Жоба шаңғы трассаларының 77% қармен қамтамасыз етуді көздеп отыр, бұл шамамен 59 га құрайды.

Курорт кімге бағдарланған болады – жаңа бастаған адамдар, жоғары спорт жетістіктері не барлық адамдар үшін бе?

Курорт тәжірибелі шаңғы тебушілер үшін де, жаңадан шаңғы тебе бастағандар үшін де, балаларымен келетін отбасылар үшін де бағдарланған болады. Соның ішінде курорт мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен қарт адамдар үшін де қолжетмді болады. Балалар мен жаңадан шаңғы тебе бастағандар үшін тау шаңғы мектептері ұйымдастырылатын болады.

Курортта трассалардың қандай түрлері жоспарланып отыр?

«Көкжайлау» тау курортында жалпы ұзақтығы 26 км және ауданы 76 га құрайтын 18 шаңғы трассасы жоспарланып отыр. Халықаралық жіктеуге сәйкес курортта «жасыл», «көк» және «қызыл» трассалардың жеткілікті санын салу жоспарланып отыр. Кейін шаңғы трассаларының саны ұлғайтылатын болады.

«Көкжайлау» курортында қанша арқанжолдар болады?

4 арқанжол жоспарланып отыр: гондольды– 1, креслолы-3, стандартты травелатор – 3, балалар травелаторы–2.

Жаңа курорт шынымен-ақ салауатты өмір салтының орны бола ма – не аумақта салынатын отельдер мен клубтар тез арада «өзіндік» ұсыныстар жасап, курорт «жалғасы жүретін» мәртебелі тойлар алаңына айланып кете ме? Курортта казино салынады деген сыбыс бар. Бұл шын ба?

«Көкжайлау» курорты адамдардың барлық топтарына арналған, соның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жыл бойғы тау курорты болады.

«Көкжайлау» ТК Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының бос уақытына арналған кешен болып табылады. Барлық тілек білдірушілер, соның ішінде кішкене балалар, қарт адамдар, мүгедектер курорттың аумағында серуендеп, таза тау ауасымен дем ала алады, тамаша табиғат көріністерінен ләззат алып, тау ішінде тыныштықта дем ала алады. Белсенді адамдар үшін курорт көптеген маусымдық бағыттағы белсенділіктерді ұсына алады: шаңғы тебу, сноуборд тебу, шанамен, баллондармен сырғанау, тау велосипедтеріне арналған трассалар, атпен серуендеу, парапланеризм, жасанды көлдегі су белсенділіктері, кемпинг, балалар мен отбасы ойын алаңдары.

Қазіргі қала тұрғындары мен қонақтары арасында өте танымал «Көкжайлау» ТК-на жаяу көтерілетін соқпақ жолдар сақталып қана қоймай, олар жақсартылады.

ТК ұйымдастырушылары курортта қандай да бір шулы белсенділіктер жүргізуді жоспарлап отырған жоқ, өйткені «Көкжайлау» тау курорты жайлылық пен тыныштық аймағы болып қала беруі керек. Оның артықшылығы да осыған негізделген. Курортта дыбыс күшін - музыкаға, дыбыстық хабарларға, техниканың дыбыс белгілеріне және т.б. шектеу қою ойы да қарастырылып отыр.

Түнгі клубтарда, мейрамханаларда, дискотекаларда дем алғысы келетіндер үшін мұндай ұсыныстар Алматы қаласында де жетіп артылады.

«Көкжайлау» ТК салған кезде технологиялардың сақталуы, сипаттамалардың шарттарының орындалуы, жеткізушілер мен мердігерлерді таңдау үшін кім жауап береді ?

Курорттың нысандары мен инфрақұрылымын салу үшін жеткізушілер мен мердігерлерді таңдау ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жарыстық негізде анықталатын болады.

Біз қала және мемлекет ретінде тау шаңғы курорттарын салуда технолоргиялық сараптамаға ие емеспіз – мемлекет те, бизнес те иелік етпейді, біз негізінен пайдаланушылармыз. Қазір әзірлеуге, ал кейін құрылыс жүргізуге қандай халықаралық сараптама, қандай мамандар мен компанияламр жұмылдырылатын болады? Олардың қандай тәжірибесі бар? Олар қалай және неге таңдалды?

«Көкжайлау» ТК техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге тендердің «Алматы қ. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы» КММ 2017 жылдың 30 қазанында жүргізген қорытындылары бойынша «Көкжайлау» ТК ТЭН әзірлушісі ретінде құрамына «AlmatyMountainResorts» ЖШС және «ГеоДата Плюс» ЖШС жобалау компаниясы кіретін консорциум анықталды. Өзінің Жобаны жүзеге асыру бойынша қызметінде консорциум еуропалық тау шаңғы индустриясы нарығындағы көшбасшылар қатарынан шетелдік серіктестерді жұмылдырды.

Мұндай серіктестердің (қосалқы мердігерлердің) бірі француздық «PEAK’ing» қауымдастығы болып табылады, оған тау курорттарын, соның ішінде Қазақстан Республикасында тау курорттарын жобалау және құрылысы саласында үлкен тәжірибесі бар 18 инжиниринг компаниясы кіреді.

Жобаны және жол құрылысы жоспарының даяндығын тәуелсіз сараптамалық бағалауды жүргізу үшін әлемдік нарықта мол тәжірибесі бар және әлемнің 11 елінде 50 тау шаңғы курорттарын жобалауға және құрылысына қатысқан австриялық «ILFConsulting&Engineers» компаниясы жұмылдырылды.

Көкжайлау үстіртінде жеке коттедждер бола ма?

Көкжайлау үстіртінде курорт құрудың тұжырымдамасы үстіртте жеке, дербес коттедждер жобасы мен құрылысын толығымен жоққа шығарады.

Көкжайлауда қонақ үйлер салу жоспарланып отыр ма?

Иә, жалпы сыйымдылығы 250 төсек орынға дейінгі екі қонақ үй салу жоспарланып отыр. Туристердің негізгі бөлігі қалада түнеуге қалып, біздің мегаполисіміз ұсына алатын туристік, сервистік қызметтердің бар түрлеріне қол жеткізе алады.

Мемлекет есебінен курорт салып бола берісімен-ақ қонақ үйлер, мейрамханалар сала бастайтын жеке инвестор пайда болып, оның өз тәртіптері мен бағаларын қоя бастауы ықтимал ма ?

Жоспарланып отырған курорт қала ішінде орналасқан, әрі бұл үстірттегі коммерциялық құрылыстар ауданын барынша азайтуға мүмкіндік береді. «Көкжайлау» үстіртінде көптеген қонақ үйлер, мейрамханалар, дүкендер, жалға беру орындарын және басқаларды салу қажеттілігі мүлде жоқ. Мұндай стратегия тау ішінде үлкен сервистік инфрақұрылымды салудан бас тартуға, әрі соның нәтижесінде «Көкжайлау» үстіртінің табиғи ортасына қол сұғуды барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік маңызды нысан ретінде «Көкжайлау» ТК мемлекеттің белсенді қатысуымен және бақылауымен салынатын болады. Жекелеген қызмет көрсету нысандары ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес инвесторлардың есебінен де, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында да салынуы мүмкін.

Жобаны іске асыруға жеке инвесторлар жұмылдырылатын бола ма? Олар кімдер?

Жекелеген қызмет көрсету нысандары ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес инвесторлардың есебінен де, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында да салынуы мүмкін. Инвесторлар ТЭН, ЖСҚ әзірлеу аяқталғаннан кейін және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, жобаны дамытудың келесі сатыларында жұмылдырылуы мүмкін.

«Көкжайлау» курортын салудың құны өте жоғары екені және толығымен мемлекет, яғни салық төлеушілер төлейтіні рас па?

Қазіргі уақытта Алматы қ. әкімдігінің тапсырысы бойынша отандық және шетелдік мамандар техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) әзірлеуде, ол бұл жобаның экономикалық тиімділігі, негізгі баға параметрлері, табыстылығы, жобаның өтелімділігі және оны жүзеге асыруға салынған қаржы қаражаттарының қайтарылуы мүмкіндігі, соның ішінде қала мен Республика бюджетіне қайтарылу мүмкіндігі туралы сұрақтарға жауап береді. ТЭН әзірленгеннен кейін, шамамен ағымдағы жылдың қазан айынан бастап 2019 ж. соңына дейінгі кезеңде Алматы қ. әкімдігінің тапсырысы бойынша жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленетін болады, ал ол курортты салу үшін қажетті қаржы қаражаттарының көлемдері туралы деректер береді.

«Көкжайлау» тау курортының қазіргі тұжырымдамасы қазірдің өзінде-ақ оның құрылысының қатты жоғары болмайтыны туралы айтуға мүмкіндік беріп отыр. Бірақ курорттар салу, әсіресе тау курорттарын салу қымбат іс екенін мойындау қажет. Біз назарларыңызды курорттың тұжырымдамасының ешқандай артықшылықтарды және премиялық курорттар мен «luxury» деңгейлі курорттарға тән басқа да шешімдерді қарастырмайтынын аударғымыз келеді. «Көкжайлау» ТК әлеуметтік курорт болады. Бірінші кезекте ол қарапайым адамдарға – алматылықтарға, оңтүстік астанаға келетін Қазақстанның барлық азаматтарына және, әрине, шетелдік қонақтарға бағдар ұстайтын болады.

Жобаны қаржыландыру көздері туралы айта отырып, бүгінде Алматы қ. әкімдігі бірнеше қаржы үлгісін, соның ішінде курортты толығымен бюджеттік қаражаттар есебінен салуды, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында салуды, сондай-ақ жеке инвесторларды жұмылдыруды қарастырып отыр.

Курорт құрылысының құны қандай? Ол қандай баптардан құралапды? Бұл сандарға неге сенуге болады?

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі және артынан әзірленетін жобалық-сметалық құжаттамасы оның құнын анықтауға арналған. Жобалық-сметалық құжаттаманың барлық есептеріне, жұмыстардың құнына мемлекеттік сараптама жүргізілетін болады. Курорттың құрылысының құнын қалыптастыратын негізгі баптар мыналар болып табылады: жоба алдындағы іздестірулер, геология, гидрогеология, топотүсірілім, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, темірбетон және металл құрамаларын салуға кететін шығындар, кіреберіс жолдарын салу, инженерлік коммуникациялар – жолдар, кәріз коллекторларын, тазартық құрылғылар салу, электр желілері, шаңғы мектебін салу, пайдалану шығындары, ҚОӘБ, ТЖ, өрт қауіпсіздігі, өрттен қорғау, медициналық жабдық, аумақты көркейту және көгалдандыру және тағы басқалар.

«Көжайлау» тау курортының бірінші кезегін іске қосу қашан жоспарланып отыр?

2023 жылдың 1 желтоқсаны.

Экономикалық тұрғыдан курорт қала мен елге не береді? Құрылыс аймақтың экономикасында іске қосылғаннан кейін бір жылдан кейін, үш жылдан кейін, бес жылдан кейін қалай көрініс табады?

Тау курортын салу бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, соның ішінде аймақ экономикасының туристік секторын дамытуға, сонымен қатар жүретін экономикалық белсенділіктің өсуіне, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және оның табыстарына, қосымша жұмыс орындарын құруға оң әсер етеді.

Сонымен қатар бүгінде тау туризмі - әлемдегі ірі салалардың бірі. Жағажай туристі орташа алғанда күніне 50 доллар жұмсайды, ал тау шаңғы туристінің шығындары шамамен 250 долларды құрайды. Еуропалық елдердің ЖІӨ оннан астам пайызын туризм береді. Андрорра феномені ерекше назар аударуға тұрарлық. Тау туризмін дамытудың арқасында 50 жылдың ішінде Еуропаның ең кедей елдерінің бірі қазір гүлденген елге айналды.

Алматы қаласында қысқа мерзімнің ішінде тау туризмі орталықтарының біріне айналу үшін барлық жағдай бар. Тау туризмі – Алматының негізгі бренді және басты бәсекелік артықшылығы.

Менің сұрақтарым мен пікірлерім бар. Оларды қайда және кімге жібере аламын?

Қазіргі уақытта жобаны әзірлеумен Алматы қ. Туризм және сыртқы байланысты басқармасы мен «AlmatyMontainResorts» ЖШС айналысады.

Кез-келген сұрақтарды Алматы қ. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының [email protected] электрондық мекен-жайына және «AlmatyMontainResorts» ЖШС [email protected] электрондық мекен-жайына жіберуге болады.

Үстірт қандай биіктікте орналасқан?

Көкжайлау үстірті теңіз деңгейінен 2235 м биіктікте жатыр.

«Көкжайлау» атауының мағынасы не?

Бұл атаудың анық түсіндірмесі жоқ. Көп адамдар оны «көк жайлау» - оты мол құнарлы жазғы жайылым деп түсінеді. Басқа бір нұсқа бойынша «Көкжайлау» - бұл биік тауда орналасқан, жұлдызды аспанды анық та айқын көруге болатын «Көк жайылымы»

Жергілікті тұрғындар үшін үстірт бұрын қандай маңызға ие болды?

Қазақ халқы үшін басты байлық көзі мал болды, ал оның өсіп-өнуі ауа-райына байланысты болды. Соған сәйкес маусымдық жайылымдар да қалыптасып, олар дәстүрге байланысты рулар арасында бөлістірілді. Ұлы жүз қазақтарының жазғы қоныстары (жайлау) жауын-шашыны мол аумақтарға түсті. Бұл – Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Талас және Іле Алатауы тау бөктерлері мен таулары, соның ішінде Көкжайлау үстірті де бар.

Көкжайлау қалай пайдаланылды?

ХIX ғасырдың ортасына дейін Көкжайлау үстіртін Ұлы жүздің өкілдері мал жаюға арналған жазғы жайылым ретінде пайдаланды. Верное әскери бекінісі құрылған мезеттен бастап Көкжайлау үстірті жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік шөптер жинайтын, сондай-ақ аң аулап, ағаш дайындайтын аумақ ретінде белсенді түрде пайдаланыла бастады.

Алғашқы елді мекендер үстіртте қашан пайда бола бастады?

1929 жылы Беделбай (Батарейка) және Жарбұлақ (Казачка) өзендерінің қосылысқан жерінде, Құмбел тауының етегінде «Мұғалімдер саяжайлары» салынып, кейін олар Ағарту қызметкерлері кәсіподағының демалыс үйіне айналды. Кейін бұл танымал демалыс үйі бүкілодақтық мәртебеге ие болып, КСРО ыдырағанға дейін жұмыс істеді. Дәл сол жерде 1931 жылы Пролетарлық Туризм және Экскурсиялар Қоғамының (ПТЭО) киіз үйі тігілді.

Көкжайлау үстірті қандай таулы аймаққа кіреді?

Бұл – орталық жотасы Оңтүстік Астананың үстінен маңғазданып көтеріліп тұрған Іле Алатауының бір бөлігі (ең биік тау – Талғар шыңы, оның теңіз деңгейінен биіктігі 4978 м).

Көкжайлау үстіртінің аумағында қандай тау шыңдары орналасқан?

Бұл «Үш ағайынды» деп аталатын үш жартас. Теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте орналасқан, шығыс жағында Құмбел шыңы асқақтап тұр (3185 м).

Бұл жерде қандай тау өзендері ағады?

Үстірт Беделбай (Батарейка) және Горельник өзендерінің (Кіші Алматы өзенінің тармақтары), сондай-ақ Жарбұлақ (Казачка) және Терісбұтақ өзендерінің (Үлкен Алматы өзенінің тармақтары) алаптарының шегінде орналасқан.

Көкжайлау үстіртінде құстардың қандай түрлерін көруге болады?

Бұл жерде құстардың 20 түрі мекендейді: қара дегелек (Ciconianigra), ителгі (Falcocherrug), бүркіт (Aquilachysaetos), қозықұмай (Gypaetus barbatus), күшіген (Aegypiusmonachus), сұр тырна (Grusgrus), ақбас тырна (Anthropoidesvirgo), жыланшы қыран (Circaetusgallicus), шәукілдек (Crexcrex), құмай (Gypshimalayensis), сұңқылдақ-аққу (Cygnus Cygnus), қарақұс (Aquilaheliacal), дала бүркіті (Aquilanipalensis), бақалтақ қыран (Hieraaetuspennatus), дала күйкентайы (Falconaumanni), лашын (Falcoperegrines), көк құс (Myophonuscoeruleus), құзғын (Neophronpercnopterus), үкі (Bubobubo) және бидайық (Falcopelegrinoides).

Бұл құстардың көбісі үстірт аумағында тек қоныс аудару кезеңінде ғана болады (қара дегелек, сұр тырна мен ақбас тырна, сұңқылдақ-аққу және басқалар).