8:45, 12 июня, 2018
6829 просмотров

Компания туралы

«Almaty Mountain Resorts» ЖШС – «Көкжайлау» әрмезгілдік тау курорты жобасын дайындаушы компания, ол жобаны жүзеге асыруға дайындық шеңберіндегі барлық жұмыстарды басқарады, жобаны стратегиялық және операциялық басқару әрекеттерін орындайды, мердігерлермен өзара әрекеттеседі, шешімдер мен ұсыныстардың сараптамасын жасайды.

Компанияның міндеті – экология, қолжетімділік, сұраныс және экономикалық тиімділік сияқты маңызды көрсеткіштерді ескере отырып, алматылықтар мен қала қонақтары үшін әлемдік деңгейдегі әрмезгілдік курорт құру.

2017 жылдың 20 қазанында Жалғыз қатысушыны, компанияның атауы мен заңды мекенжайын ауыстыру арқылы «Almaty Mountain Resorts» ЖШС компаниясын мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілді.

«Almaty Mountain Resorts» ЖШС басшысы Наиль Фаридович Нұров болып табылады.

 

Нуров Наиль Фаридович

 

Туған күні: 1967 жылдың 21 мамыры

 

Білімі:


  1. Қазақ дене шынықтыру және спорт институты, Алматы қ. Мамандығы – оқытушы.
  2. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ. Мамандығы – заңгер.

 

Туристік саладағы жұмыс тәжірибесі:

1991 ж. – Н.Ф. Нұров Қазақстан ЛКЖО ОК Халықаралық туризм бөліміне «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросына жұмысқа қабылданады. Бөлім нұсқаушысы. Халықаралық туризм бөлімінің меңгерушісі.

1993 ж. – ҚХР туристерін қабылдаумен айналысқан «Фирма «Нур» ЖШС ортақ құрылтайшысы және басшыларының бірі.

«Главтур» Бірлескен Кәсіпорнының ортақ құрылтайшысы және Бас директоры. Кәсіпорын шетелдік туризммен және жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдаумен айналысты.

Әкімшілік және мемлекеттік қызмет тәжірибесі:


  1. – ҚР Туризм және спорт агенттігінің «КазСпортОбеспечение» акционерлік қоғамының президенті (Астана) – Алматы қ. Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының директоры – Алматы қ. «Медеу» биік таулы мұз айдынының директоры – Алматы қ. Туризм және спорт басқармасының бастығы – Астана қ. «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қалалық дирекция және Олимпиада Алауы эстафетасы» МҚҚК директоры
  2. – Астана қ. «Алау» мұз айдыны сарайы» МҚҚК директоры
  3. – «Алматы қаласында 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындалу және өткізу жөніндегі дирекция» МҚ басшысы

 

2017 жылдың шілде айынан бастап – «Almaty Mountain Resorts» ЖШС директоры

Мемлекеттік марапаттары:

  1. – Жұмыстағы жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған
  2. – «Құрмет» орденінің иегері

Атақтары мен марапаттары:

  1. — ҚР Құрметті спорт қайраткері
  2. – ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасында туризм дамуына сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған.